Маусымның 23-і күні Теһран көшелері 10 күннен аса уақыттан бері алғаш рет тыныш болды.
Дүйсенбі күні көшеге шыққан бірнеше жүздеген адамның арасында шерушілерді суретке түсіріп жүрген полиция қызметкерлері де болған еді. Кейінірек ол суреттер тұтқындаулар барысында пайдаланылыпты.
Ресми деректерде, 12 маусымдағы президенттік сайлаудан кейін басталған шерулер барысында шамамен 17 адам қаза болғаны айтылады.
Ал, сенбі күні тұтқындалғандардың саны 457-ге жеткен.
Сейсенбіде мемлекеттік теледидар арқылы көрсетілген мойындауында, тұтқындалған шерушілердің бірі BBC және "Америка даусы" ақпарат құралдарының хабарларына алданып қалғанын айтады.
Теледидардан көрсетілген тағы бір әйел осыған ұқсас мойындау сөзінде, өзінің шеруге граната алып шығып, қоғамдық орындарға өрт қоюға, тұрғын үй терезелерін сындырып, көліктерге тас лақтыруға қатысқанын айтқан. Бұл әйелдің бейнесі айқын көрсетілмеген, есімі де аталмаған.
Иран ішкі істер министрі Садиқ Махсоули маусымның 24-інде жасаған мәлімдемесінде, сайлаудан кейін пайда болған шерулерге қатысушылар АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі мен Иранның қуғындағы Халық Мужахедтері атты оппозициялық тобы арқылы қаржыландырылған деді.
АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде сейсенбіде сөйлеген сөзінде Иранда қарапайым азаматтарға күш қолданылуын айыптап, шерушілердің тарихи тура жолда екендерін айтты. Сондай-ақ Обама АҚШ Иранның ішкі ісіне әсер етуде деген айыптауды да жоққа шығарды.
Иран ресмилерінің айтуынша, шерушілерге сабақ болатындай жазалар қолданылмақшы екен. Шерушілердің мәселесін қарау үшін арнайы сот құрылған көрінеді.
Иранда әдетте мұндай арнайы сот шешімдері Төңкерісшіл соттардың қарауына жіберіледі. Төңкерісшіл соттар азаматтық сот жүйелерінен тыс тұратын трибуналдар боп саналады.
Дәстүр бойынша, Төңкерісшіл соттар жабық есік жағдайында өткізіліп, онда тек қана бір тұлға әрі прокурор, әрі қорғаушы заңгер, әрі сот алқасы рөлін араластыра атқарады екен.
Бұл аз дегендей, өте жақсы қаруланып, мықты жаттығудан өткен Төңкерісшіл жасақ та егер шерулер қайталанатын болса, оқиғаға өздерінің араласатындарын айтып, ескертуде.
Бұған дейінгі шерулерді ел полициясы басып келген болатын.
Иран полициясына қарасты барлау департаменттері шерушілер басшыларын іздеп табуға көмектесуге қарапайым халықты шақырып отыр.
Оппозиция басшысы Мир Хусейн Мусавидің халықты шеруге шақыруы заңсыз әрекет болды дейді ресмилер.
Мусави болса, ел Конституциясы бойынша бейбіт шерулер өткізуге рұқсат етілген дейді.
Сондай-ақ Мусавидің Калемех сәбз, яғни Жасыл сөз атты газеті жабылып, оның 25-тей қызметкері тұтқынға алынған.
Сонымен бірге, ел ресмилері Мусавиге қолдау көрсетуші, Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжаниге де жанамалап тиісуде. Атап айтқанда, демалыс күндері оның 3 бірдей туысы және шеруге қатысқаны үшін қызы Фаези тұтқындалған екен.
Демек, реформашылар мен консервативтер арасындағы күрес көшелерден енді билік жүйесіне ауыса бастағандай. Иранның саяси және экономикалық болашағы туралы олардың бағыттары әрқилы болуда.