Accessibility links

Алматыда журналистердің құрылтайы өтті


26-ші қараша күні Қазақстан баспасөз клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласында журналистер мен саяси сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқан бірінші Медиа Құрылтай өтті.

Аты айтып тұрғандай, бұл басқосуда қазақстандық ақпарат құралдарының төңірегіндегі мәселелер кеңінен талқыланды. Осы жиында сөз алған сарапшылардың басым бөлігі қазақстандық ақпарат құралдарының дамуы мен биліктің жүргізіп жатқан саясаты бір-біріне қарама қайшы деген пікірлер айтты.
Десек те, бір күнмен біткен бүгінгі Медиа Құрылтайға әртүрлі салада қызмет ететін 200 жуық адам шақырылған екен. Бірақ, олардың көбісі бас қосуға қатысқан жоқ. Келмей қалғандардың қатарында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері де болды.


XS
SM
MD
LG