Accessibility links

Грузия ТМД құрамынан шығады


Грузияның ТМД құрамынан шығатындығы туралы хабар «Қазақстан да осы ұйымнан шығуы керек» деген пікірлерге серпіліс берсе, екінші жағынан Грузия президентінің шешімін айыптаушылар да табылып отыр.

Бұрынғы Кеңес елдерін гастрольмен жиі аралайтын Грузияның халық әртісі Вахтанг Кикабидзе қазір Тбилисидегі үйінде жатыр. Ол 70 жылдық мерейтойына орай 5 қазанда Кремльде өтуі тиіс концертін бермеуді ұйғарыпты. Ресей президенті Дмитрий Медведев бір ай бұрын ұсынған «Достық» орденінен де ол бас тартқан. Мұндай қадамдарға Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы Ресей әскерінің қатысуымен болған қақтығысқа наразылық ретінде барғанын айтқан Вахтанг Кикабидзе енді Грузияның ТМД құрамынан шығатындығын естіп қуаныпты.

- Өте тамаша! Мұны ертерек жасау керек еді. Мен мұндай шешімнің дұрыстығына сенімдімін. Өйткені, бұл қауымдастық бізге ештеңе әкелген жоқ. Біз барлығымыз Грузия президентінің барлық ісін қолдаймыз! - деді Вахтанг Кикабидзе.
Грузия халық әртісі Вазатнг Кикабидзе Грузияның ТМД құрамынан шыққанын қолдайды
Сәрсенбі күні Грузия президенті Михаил Саакшвили Парламент төрағасымен ақылдаса отырып, Грузияны осы ұйым құрамынан шығару туралы шешімге келген. Алайда, сол күні «Грузияның Достастық құрамынан шығатындығы өкініш тудыратындығы» жайында ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев те мәлімдеме таратқан. «ТМД құрамынан шығу ең алдымен Грузияның өзіне, оның азаматтарына кесірін тигізеді. Себебі, бұл ел экономикалық және гуманитарлық салада ТМД-ның басқа елдерімен мыңдаған жіптермен матасқан. Грузия - ТМД аясындағы көптеген маңызды уағдаластықтарға қатысушы», - деген Сергей Лебедев өзінің ресми мәлімдемесінде.
90-шы жылдары Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің төрағасы ретінде ТМД құруға ат салысқан Серікболсын Әбділдин: «Грузия сол кезде-ақ бірге жұмыс істеуге аса құлықты емес еді», - дейді. Оның пікірінше, Грузияның ТМД құрамынан шығуы «қазіргі Грузия президенті үшін дұрыс болып есептелсе де, халқы үшін қолайлы емес». «Грузин халқы - ғасырлар бойы орыс халқымен бірге өсіп, бірге жетіліп келе жатқан ел. Көптеген грузиндер Ресейде тұрады. Сондықтан, мен мұның дұрыс саясат еместігіне өкініш білдірем», - дейді ол.
ТМД құру туралы уағдаластық 1991 жылы 8 желтоқсанда қабылданып, оған бұрынғы он бір Кеңес республикасы сол жылы 21 желтоқсанда қол қойған. Ал Грузия 1993 жылы осы ұйымға қосылған. «ТМД ешқандай да айрықша мәселені шешпейді. Бірақ мен оны өз әріптестеріммен кездесіп, ақылдасып, сөйлесіп тұру үшін өте қажет орын деп таптым», - дейді сол жылдары Грузия президенті болған Эдуард Шеварнадзе. Ол Грузияның ТМД құрамынан шығуын «ақылға сыйымды талап» деп ойламайды:

- Қазір ТМД-дан шықтық делік. Ал ертең бізді ЕуроОдақ пен НАТО қабылдамаса, не істейміз?! Тіпті керек десеңіз, соңғы кезде кейбір саясаттанушылар Грузияның НАТО-ға кіруін үлкен қателік деп жүр. Олар қазіргі таңда қалай болғанда да Ресеймен және ТМД елдерімен қарым-қатынасты реттеуге шақырады. Мен мұндай пікірдің жаны бар деп есептеймін.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде ТМД саммитинде, 28 қараша, 2006.
ТМД ауқымында Грузия көп мәселелерін, оның ішінде Оңтүстік Осетиямен арадағы жағдайды реттеуіне болар еді дейді Қазақстанның Парламент депутаты, саясаттанушы Камал Бурханов:

- ТМД елдері одақтас мемлекеттер ретінде ақылын, пікірін айтады. Жанжалда бейтарап позиция ұстанып, ортақ бағытқа меңзейді. Сөйтіп, біртіндеп шешімге келуге болатын ба еді? Ал Ресейді мойындамай, Ресеймен мәмілеге келмей, бұл мәселенің толық шешілуі екіталай.
Алайда, «ТМД-ның кейбір мүше - елдерінің арқасында Достастық босаңси бастады. Бұл Достастықтың Оңтүстік Осетия сияқты қақтығыстарға араласуына ешқандай тетігі де, механизмдері де жоқ», - деген болатын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз әріптесімен тамыздың 13-і күні Чолпон-Атадағы кездесуінен кейін.
Грузияның Достастық құрамынан шығатындығы туралы хабар Қазақстанның да осы ұйымнан кеткені дұрыс деген пікірге түрткі болды. Мәселен, қазақстандық саясаттанушы, Алматыдағы Еуропа клубының үйлестірушісі Айдос Сарымов:

- Соңғы Оңтүстік Осетия жанжалынан кейін Грузияның ТМД құрамында қалуы Грузия басшылығының да, Грузия мемлекетінің де абыройын түсірері хақ.
Кеелесі кезек кімдікі? Грузия, Украина, Молдова президенттері Санкт-Петербургтағы ТМД форумында. 6 маусым, 2008.
Сондықтан, бұл – қисында ұсыныс, қисынды саяси қадам. Г
рузияның ТМД-нан кетуі бұл ұйымның ыдырауының басы.

- Өйткені, ТМД - болашағы жоқ ұйым. Бұл кезінде Кеңес елдерінің соғыс-тартыссыз тарауы үшін ғана құрылған. Меніңше, алдағы бірнеше жылда оның құрамынан тағы бірнеше елдің шығуы ықтимал. Оның арасында Қазақстан да болса құба-құп -дегенді, айтты.
Қазақстан осы ұйымның төрағасы болған кезінде Достастықты реформалау бастамасын көтеріп, арнайы бағдарлама арқылы ұйымды жетілдіруге ұмтылған.
XS
SM
MD
LG