Мүмкін сондықтан шығар, әлі күнге шейін Ресейде ұлы жазушының талантын мойындағанымен, оның айтқандарын күстаналайтын сыншылар аз емес.
Ал, 20 ғасырдың басында Швед академиясы ұлы жазушыға тіпті Нобель сыйлығын бергізбей тастады. Толстойдың мұндай үлкен сыйлықты ала алмауына христиан дінінің қағидалары қанағаттандырмағандықтан, шіркеуден қол үзуі әсер етті. Осы оқиғадан кейін орыс шіркеулерінің бәрі Толстойға қарғыс жариялап, қоғамнан шеттетілді.
Өз халқынан көңілі қалған ұлы жазушы 1910 жылы 81 жасында үйін тастап шығып, Астапова деревнясында дүние салды. Бүкіл әлем мойындаған Толстойдың осындай әрекетке баруына не түрткі болды? Неге ол христиан дінінен бас тартты? Бұл сұраққа жауапты ұлы жазушының өмірінің соңында жазған хаттарынан табуға болады:
«Өмірдің мәнін өзінше түсіндіруде шіркеу ойына келгенін істеп бақты. Өмір заңы Иисус қағидаларына қайшы келді, ал шіркеу жалған түсініктер ойлап шығарды, яғни халық Иисус қағидаларына қайшы емес, керісінше үйлесімді өмір сүріп келеді-мыс. Бұл ақырында халықтың пұтқа табынушылардан бетер күн кешуімен аяқталды, ал шіркеу мұндай өмірді ақтағаны былай тұрсын, Иисус ілімінің мәні осында деп тұжырымдады.» Ясная Поляна, 1909 жыл, наурыз.
Христиан дінінің қағидаларына қанағаттанбаған Толстойдың, керісінше ислам дініне деген махаббаты шексіз болды. Бір күні мұсылман азаматына күйеуге шыққан орыс әйелі Е. Векликова ұлы жазушыға хат жазып, балаларының ислам дінін қабылдағысы келетінін айтып, ақыл-кеңес сұрайды. Сонда ұлы жазушы оған былай деп жауап қайтарады:
«Православиеге қарағанда мұсылмандықты жоғары қоюға келетін болсақ, мен мұндай таңдауды жан-тәніммен қолдаймын. Шын мәніндегі христиандық мұраттар мен христиандық ілімді жоғары қоятын мен үшін бұлай айту – таңқаларлық нәрсе, дегенмен мен үшін Ислам өзінің мән-мазмұнымен шіркеулік православиеден айрықша биік тұрғанында ешқандай күман жоқ. Сондықтан егер адамға шіркеулік православиені не Ислам дінін таңдау еркі қойылса, онда кез-келген саналы адамның күрделі де түсініксіз үштік, күнәні жуу, құпия суреттері бейнеленген әулиелер мен құлшылықтың күрделі түрінің орнына кімде-кімнің Алланың жалғыздығы мен Елшісін мойындау қағидасын ұстанатын Исламды таңдайтынында еш күдік жоқ...» Ясная Поляна, 15 наурыз 1909 жыл.
Жо, жо, жоқ. Толстой тек өмірінің соңында ғана емес, одан ертеректе де ислам дінін айрықша құрметтеп, оған қызығушылықпен қарады. Мысалы 1894 жылы жазған, азапты ізденістерден туындаған бір хатында ұлы жазушы былайша тебіренеді:
«Егер сіз менімен бірге бір дінде болсаңыз, мен аса қуанышта болар едім. Сонда сіз менің өмірімді аздап ұғынар едіңіз. Байлық, даңқ, құрмет секілді жетістіктер қазір менде жоқ. Достарым, тіпті туыстарым да менен теріс айналды.
Либералдар мен эстеттер мені есуас санайды немесе Гоголь тәрізді ақылы тайыз деп біледі, революционерлер мен радикалдар қиялшыл мылжың көреді, үкімет адамдары зиянкес революционер деп ұғады, ал православиеліктер тажал санайды. Мұның бәрінің мен үшін аса ауыр екенін мойындаймын. Сондықтан мені мейірімді мұсылман деп қана санауыңызды өтінемін».