ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БӨЛІНГЕН МИЛЛИАРДТАР КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?
Бұл наразылық митингін «Азат», Жалпыұлттық социал демократиялық, Коммунистік және тіркелмеген «Алға» партиялары ұйымдастырды.
Астана әкімдігі жиынды әдеттегідей, бұл жолы да Астананың қиыр шетіндегі Окан Атрико алаңында өткізуге рұқсат берді. Наразылық шарасына шамамен 300-ден астам кісі қатысты.
Митингке жиналғандар үлескерлер мен борышкерлер проблемасын, оралмандардың жағдайын, жер мәселесін, зейнетақының аздығы мен коммуналдық қызмет үшін төлемдердің қымбаттауына байланысты өз наразылықтарын білдірді.
Оппозициялық қайраткерлер ел экономикасын тұрақтандыруға Ұлттық қордан бөлінген 19 млрд. доллардың талан-таражға салынғанын айтып, ел президенті мен үкіметті сынға алды.
– 2008 жылы үкімет республикалық бюджетті 17 рет қайта қарап шықты. Екі рет парламентке ұсынып, өзгерту енгізді. Солай бола тұра,
Ол сонымен бірге Қазақстан билігіндегілер елді полициялық мемлекетке айналдырды деп мәлімдеді. Құқық органдары нағыз қылмыскерлермен емес, Конституцияда көрсетілген қарапайым құқығын қорғауды талап ететін азаматтармен күресіп әлек деді оппозициялық қайраткер.
– Мәселен, биыл полиция өкілдері елдегі қалаларда заңсыз жұмыс істеп келген 94 казиноны тапқан. Бірақ оның тек үшеуінің үстінен ғана қылмыстық іс қозғаған. Елде заңсыз адам саудасы, есірткі саудасы өршіп барады. Құқық органдары олардың оннан біріне ғана шара қолданады. Ал жай қарапайым азамат әлеуметтік проблемасын айтып, өз құқығын биліктен талап еткенде, оларды түрмеге бір-ақ
Оппозиция жетекшілерінің бірі, экс-сенатор, «Лайықты баспана үшін» қоғамдық ұйымының төрайымы Зәуреш Батталова қоғамда қордаланып қалған әлеуметтік түйткілді жағдайларға тоқталды.
– Жер кодексінің қабылданғанына 6 жыл болды. Содан бері елде азаматтардың жер телімдерін заңсыз тартып алу шектен шыққан былыққа әкелді. Егер үлескерлер, борышкерлер мәселесін алатын болсақ, президент, үкімет «бұл – сендердің проблемаларың» деп тіке айтты. Үлескерлер мәселесін шешуге үкімет 17 млрд. 200 млн. теңге бөлді. Бірақ ол нысандардың бірі де салынып бітпеді. Бір Астана әкімдігі жанынан құрылған «Жаңа құрылыс» қорына бөлінген ақшаның қайда кеткендігі жөнінде ешкім дөп басып айта алмайды. «Нұр Отан» партиясының өкілдері де жалған халықтық комиссия құрып, елді алдап отыр, – деді Зәуреш Батталова.
Оппозицияның бұл үні осыдан тура бір жыл бұрын үкімет тарапынан құрылған «Дағдарысқа қарсы тұру» бағдарламасының жұмысына берілген баға іспетті болды. Былтыр дәл осы уақытта президенттің тікелей нұсқауымен елді күйзелістен аман алып шығамыз деп, Ұлттық қордан 19 млрд. АҚШ доллары бөлінген болатын. Ол қаржының дені БТА банк, Казкоммерцбанк және Халықбанктің акцияларын сатып алуға жұмсалды.
ЖЕТІМДЕР ТАҒДЫРЫ МЕН ЖЕТКІНШЕК ТӘРБИЕСІ
Бұл митингіге сондай-ақ балалар құқығын қорғаушылар және балалар үйінде өсіп, қоғамға қажетсіз болып қалған жетім жастардың өкілдері де қатысты.
Қазақстандағы жетім балалар мәселесімен айналысып жүрген Бақтияр Омарбаев тағдыры тауқыметке толы жетімдер жайын сөз етті.
– Қоғамда проблемалардың өте көп екенін біз жақсы түсінеміз. Бірақ солардың бірі де шешіліп жатқан жоқ. Теледидарды ашып қарасаңыз, Қазақстанды Орталық Азия елдері ішіндегі ең бай, ең тұрақты мемлекет ретінде сипаттап жатады. Бірақ, біз ең болмағанда елдегі жетім балаларға назар аударса екен дейміз. Бізді 17 жастан кейін интернаттан шығарып тастайды. Біз осыдан кейін қоғамға қажет болмай қаламыз. Мамандық алып, оқиық десек ақшамыз жоқ. Мамандықсыз жұмысқа ешкім алмайды. Баспана жоқ. Ондаған жылдар бойы өмір сүру үшін күресеміз. Осы жылдардың ішінде қатарларымның тең жартысынан астамы түрме торынан бір-ақ шықты. Біздің білім алғымыз келеді. Біз жұмыс істегіміз келеді. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Өз елімізде адамша өмір сүргіміз келеді, – деді Бақтияр Омарбаев.
– Халықтың мәселесін шешуі тиіс жоғарыда отырған адамдар адамгершілік тәрбиесінен өте алыс. Оларды кейде адам деп айтуға аузың бармайды. Өйткені, олар елдегі балалар болашағынан гөрі, астындағы креслосын ғана ойлайды. Бүгінде балаларға білім беріп, бірақ тәрбие бермеу – өте қорқынышты, – дейді Евгений Цой.
Митингі соңында «Бұлайша өмір сүруге болмайды» деген тақырыппен арнайы резолюция қабылданды. Онда жұртшылықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы талабымен наразылық шараларын үдете беретіндіктерін билікке ескерткен.
Бұл наразылық митингін «Азат», Жалпыұлттық социал демократиялық, Коммунистік және тіркелмеген «Алға» партиялары ұйымдастырды.
Астана әкімдігі жиынды әдеттегідей, бұл жолы да Астананың қиыр шетіндегі Окан Атрико алаңында өткізуге рұқсат берді. Наразылық шарасына шамамен 300-ден астам кісі қатысты.
Митингке жиналғандар үлескерлер мен борышкерлер проблемасын, оралмандардың жағдайын, жер мәселесін, зейнетақының аздығы мен коммуналдық қызмет үшін төлемдердің қымбаттауына байланысты өз наразылықтарын білдірді.
Оппозициялық қайраткерлер ел экономикасын тұрақтандыруға Ұлттық қордан бөлінген 19 млрд. доллардың талан-таражға салынғанын айтып, ел президенті мен үкіметті сынға алды.
– 2008 жылы үкімет республикалық бюджетті 17 рет қайта қарап шықты. Екі рет парламентке ұсынып, өзгерту енгізді. Солай бола тұра,
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі Болат Әбішев наразылық жиынында сөйлеп тұр. Астана, 18 қазан 2009 жыл.
37 млрд. теңге игерілмеген. Былтыр ел экономикасын құтқаруға деп Ұлттық қордан 19 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Үкімет оның 1 млрд. долларын орта және шағын бизнеске бөлдік деді. Бірақ кәсіпкердердің қандай күй кешіп жатқанын көріп отырмыз. 1 млрд. долларын аграрлық секторға бөлінді деп айтылған еді, олардың жағдайы да тұралап тұр. Қалған 17 млрд. доллары тек олигархтарды қолдауға жұмсалынды. Бұл қаржының қайда кеткені жөнінде ешкім жауап бере алмайды. 500 млрд. теңге тек екінші дәрежелі банктердің депозиттерінде жатыр. Одан үстеме сыйақылар жүреді. Оның қызығын ұлттық холдингтің басшылары көреді, – деді Астанадағы жиынға Алматыдан арнайы келген Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының өкілі Болат Әбішев.Ол сонымен бірге Қазақстан билігіндегілер елді полициялық мемлекетке айналдырды деп мәлімдеді. Құқық органдары нағыз қылмыскерлермен емес, Конституцияда көрсетілген қарапайым құқығын қорғауды талап ететін азаматтармен күресіп әлек деді оппозициялық қайраткер.
– Мәселен, биыл полиция өкілдері елдегі қалаларда заңсыз жұмыс істеп келген 94 казиноны тапқан. Бірақ оның тек үшеуінің үстінен ғана қылмыстық іс қозғаған. Елде заңсыз адам саудасы, есірткі саудасы өршіп барады. Құқық органдары олардың оннан біріне ғана шара қолданады. Ал жай қарапайым азамат әлеуметтік проблемасын айтып, өз құқығын биліктен талап еткенде, оларды түрмеге бір-ақ
Оппозиция қайраткерлері (оңнан солға) Зәуреш Батталова, Болат Әбішев және Серікбай Әлібаев наразылық жиынында. Астана, 18 қазан 2009 жыл.
тығады. Билік Қазақстанда өзгеше ойлайтындарды керек қылмайтын дәрежеге жетті. Сондықтан біз билікке: «Тоқтатыңдар, жетер енді!» дейміз, – деді Болат Әбішев.Оппозиция жетекшілерінің бірі, экс-сенатор, «Лайықты баспана үшін» қоғамдық ұйымының төрайымы Зәуреш Батталова қоғамда қордаланып қалған әлеуметтік түйткілді жағдайларға тоқталды.
– Жер кодексінің қабылданғанына 6 жыл болды. Содан бері елде азаматтардың жер телімдерін заңсыз тартып алу шектен шыққан былыққа әкелді. Егер үлескерлер, борышкерлер мәселесін алатын болсақ, президент, үкімет «бұл – сендердің проблемаларың» деп тіке айтты. Үлескерлер мәселесін шешуге үкімет 17 млрд. 200 млн. теңге бөлді. Бірақ ол нысандардың бірі де салынып бітпеді. Бір Астана әкімдігі жанынан құрылған «Жаңа құрылыс» қорына бөлінген ақшаның қайда кеткендігі жөнінде ешкім дөп басып айта алмайды. «Нұр Отан» партиясының өкілдері де жалған халықтық комиссия құрып, елді алдап отыр, – деді Зәуреш Батталова.
Оппозицияның бұл үні осыдан тура бір жыл бұрын үкімет тарапынан құрылған «Дағдарысқа қарсы тұру» бағдарламасының жұмысына берілген баға іспетті болды. Былтыр дәл осы уақытта президенттің тікелей нұсқауымен елді күйзелістен аман алып шығамыз деп, Ұлттық қордан 19 млрд. АҚШ доллары бөлінген болатын. Ол қаржының дені БТА банк, Казкоммерцбанк және Халықбанктің акцияларын сатып алуға жұмсалды.
ЖЕТІМДЕР ТАҒДЫРЫ МЕН ЖЕТКІНШЕК ТӘРБИЕСІ
Бұл митингіге сондай-ақ балалар құқығын қорғаушылар және балалар үйінде өсіп, қоғамға қажетсіз болып қалған жетім жастардың өкілдері де қатысты.
Қазақстандағы жетім балалар мәселесімен айналысып жүрген Бақтияр Омарбаев тағдыры тауқыметке толы жетімдер жайын сөз етті.
– Қоғамда проблемалардың өте көп екенін біз жақсы түсінеміз. Бірақ солардың бірі де шешіліп жатқан жоқ. Теледидарды ашып қарасаңыз, Қазақстанды Орталық Азия елдері ішіндегі ең бай, ең тұрақты мемлекет ретінде сипаттап жатады. Бірақ, біз ең болмағанда елдегі жетім балаларға назар аударса екен дейміз. Бізді 17 жастан кейін интернаттан шығарып тастайды. Біз осыдан кейін қоғамға қажет болмай қаламыз. Мамандық алып, оқиық десек ақшамыз жоқ. Мамандықсыз жұмысқа ешкім алмайды. Баспана жоқ. Ондаған жылдар бойы өмір сүру үшін күресеміз. Осы жылдардың ішінде қатарларымның тең жартысынан астамы түрме торынан бір-ақ шықты. Біздің білім алғымыз келеді. Біз жұмыс істегіміз келеді. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Өз елімізде адамша өмір сүргіміз келеді, – деді Бақтияр Омарбаев.
Әлеуметтік жағдайдың нашарлауына байланысты үкіметтің саясатына наразылық білдіру жиынынан көрініс. Астана, 18 қазан 2009 жыл.
Наразылық митингісінде әлеуметтік мәселелермен қоса, бала тәрбиесі де сөз болды. Балалар құқығын қорғаушы Евгений Цой қоғамда балалардың қылмысқа ерте ұрынуына билікті кінәлады.– Халықтың мәселесін шешуі тиіс жоғарыда отырған адамдар адамгершілік тәрбиесінен өте алыс. Оларды кейде адам деп айтуға аузың бармайды. Өйткені, олар елдегі балалар болашағынан гөрі, астындағы креслосын ғана ойлайды. Бүгінде балаларға білім беріп, бірақ тәрбие бермеу – өте қорқынышты, – дейді Евгений Цой.