Accessibility links

Дінбасылар Астанада кезекті мәрте бас қосты


Израиль президенті Шимон Перес әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезінде. Астана, 1 шілде 2009 ж.
Израиль президенті Шимон Перес әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезінде. Астана, 1 шілде 2009 ж.

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі өтуде. Отыз бес елден келген сексенге жуық делегат бейбітшілік және келісім сарайында бас қосып, дін жөнінде әңгіме өрбітті.

ТУҒАН КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА НАЗАРБАЕВ ДІНБАСЫЛАР ТАРАПЫНАН «ӘЛЕМ АДАМЫ» ДЕГЕН ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Араға үш жыл салып өтетін, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін әдеттегідей, биыл да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Ол сөзінде дін басылар бас қосатын бұл жиынның жылдан жылға өріс алып, қанаты кеңге жайылып бара жатқанын тілге етті. Соның көрсеткіші, биылғы келген қонақтар санының бірнеше есеге көбейгені деп атап өтті. Сол себептен де, ол енді
Әемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қонақтары. Астана, 1 шілде 2009 ж.
дінбасылар кеңесін құру жөнінде ұсыныс білдірді. Сонымен бірге зұлымдыққа қарсы ретінде 29-шы тамызды бүкіләлемдік ядорлық қаруға қарсы тұру күні ретінде атап өту жөнінде ұсыныс білдірді.

Ал Астанаға жиналған дін басыларын бейбітшілік туы астында бірігуге шақырды.

«Халықтарды бір-бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес. Араздық қана деген даналық сөз бар. Достық жоқ жерде араздыққа жол ашылады. Ізгілік, рахым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту сенімі арқылы адамзатты тазарту қажет», - деді Қазақстан басшысы.

Пирамидаға жиналған қонақтар болса, ең алдымен сөздерін Қазақстан президентін мақтап-мадақтаумен бастады. Олар Нұрсұлтан Назарбаевқа әлем адамы, бейбітшілік көпірі деген теңеулер келтірді. Сонымен бірге Астанадай қала салған әлем құрылысшысы деген де марапаттаулар айтты.

Ал Алла жайында, діндер мен қасиетті кітаптар жайында сөз алғанда, бір дөңгелек үстел басында отырған дінбасылар даналық сөздерін мысалға келтіре отырып, бір-бірлеріне астарлап тиісіп отырды. Мәселен, құрметті қонақ ретінде қатысқан Израиль президенті Шимон Перес мырза, «көрші елдерге уран байытумен айналыспай, халықты тоқ қылатын бидай өсірумен айналысуға кеңес» беремін деді.

Қасиетті Құран өзінің үйінен қуып жіберіп, жауласқан адамдармен іс жасасуға тыйым салады

Адиль Аль Фалах, Кувейттің ислам істері жөніндегі министрінің бірінші орынбасары. Астана, 1 шілде 2009 ж.
Ислам діні өкілдерінен Әл-Әзхардың жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи әлемді жаратушы Алланың жалғыз екендігі жөнінде Қасиетті Құран кітабынан мысал келтіре отырып, адамзат баласын бір Аллаға ғана табынуға шақырды.

«Қасиетті Құранның аятында осыған дейін жіберген барлық елшілерге де Алланың бір екенін айттық. Оларға бір ғана жаратушы иеге жалбарыну керектігін де ескерттік. Егер басқа да құдайлар болатын болса, онда құдайлар әлемді ұстап тұра алмаушы еді деген. Қасиетті Құранда көп құдайлыққа жол бермеу жазылған. Мысалы, Алла өзіне серік қосқанды кешірмейді. Ал қалған күнәләрдың барлығын кешіреді. Ал кімде-кім көп құдайға сенсе, ол үлкен күнә жасайды. Алла бұл өмірде бізді өзіне шынайы жалбарынуымыз үшін жаратты. Сол үшін пайғамбарларды жібердік деген», - деді Шейх Мұхаммед Саид Тантауи.

Ол сонымен бірге дінді жамылған зұлымдарды да сынға алды. Ол жөнінде Қасиетті Құраннан мысал келтіріп, олардың орны тозақта болады деді.

«Қасиетті Құранда Алла сенімен жауласпайтын адаммен бірге ынтымақтасып жұмыс істеуге тыйым салмайды. Ал сендерді өз үйлеріңнен қуып жіберген адамдармен, сендермен соғысқан адамдармен бірге іс жасауға тыйым салады. Ислам имандылық пен адамгершілікті насихаттайтын хаһ дін. Ислам өзінің жауларына да әділ», - деді Шейх Мұхаммед Саид Тантауи.

ЙОНА МЕГЦЕР: АСТАНАҒА КЕЛГЕН САЙЫН БІР ЕВРЕЙ ҮЙІН АШЫП КЕТЕМІН

Израилдің ашкеназий бас раввині Йона Мецгер ең алдымен Астанаға келген сайын бір еврей синагогасының тұсауын кесіп кететінін мақтанышпен жеткізді. Ол осыған мүмкіндік беріп отырған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, оны әлемнің көпіріне теңеді.

«Мен ең алғаш Астанаға келгенде бірінші синагоганың тұсауын кескен едім. Енді осы жолы бесінші еврей үйінің тұсауын кескелі отырмын», - деген Йона Мецгер мемлекет пен құдай арасындағы айырмашылық жөнінде сөз айтты.

Йона Мецгер, Израилдің ашкеназий бас раввині. Астана, 1 шілде 2009 ж.
«Даналар айтады, құдай мен мемлекеттің арасында қандай айырмашылық бар деп. Айырмашылық сол, мемлекет монета жасайды. Бәрі де осы монетадан басталады. Бәріміз де бір ата мен анадан жаралған адамзат баласымыз. Бірақ әрқайсымыздың өзіндік сеніміміз, өзіндік көзқарасымыз бар», - дейді Израиль раввині Йона Мецгер.

Ол діндер көшбасшыларының отырысына өзімен бірге бір сурет ала келіпті. Сол фотоны көрсетіп тұрып, «менің қолымда бауырымның суреті бар. Ол көрші елдердің ұрлап әкеткен біздің еліміздің ұлы. Оның бүгінгі тағдыры белгісіз. Оны елінде әке-шешесі күтіп отыр. Мен осы жерден қауымдастыққа үн қосуын сұраймын. Біз бәріміз де осы жерде бейбітшілік жөнінде сөйлеп жатырмыз. Бәрін де сөзбен айта аламыз. Бірақ іске көшу керек. Мен жаңа ғана Шейх Мұхаммед Саид Тантауидің сөздерін тыңдадым. Оның бүгінгі айтылған сөздері террорды жалау етіп алғандарға жетеді деп үміттенемін. Мешіттерді, храмдарды, шіркеулерді террор үшін пайдалануға болмайды. Бұл қасиетті орындарды қару-жарақ сақтайтын жерге айналдыруға болмайды», - деді Йона Мецгер.

ШЫДАМДЫЛЫҚ СӨЗІНЕН ГӨРІ МАХАББАТ ҚЫМБАТЫРАҚ

Ал өз кезегінде дінаралық диалогта Папалық Кеңесінің президенті, христиан дінінің өкілі Кардинал Жан-Луи Торан жер - жаратушының адамзат баласына берген сыйы екенін айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қонақтары дөңгелек үстел басында. Астана, 1 шілде 2009 ж.
«Біздің конгресс әлемнің үш негізін айтады. Олар – шыдамдылық, өзара түсіністік және ынтымақтастық. Шыдамдылық - мен бұл сөзді онша жақсы көрмеймін. Өйткені, оның көлеңкелі жақтары да бар. Менің ойымша, бір-біріне тек шыдамдылық танытпай, бір-біріне деген тек махаббат болу керек деп ойлаймын. Ал өзара түсіністіксіз ешбір сезім өмір сүрмейді. Ынтымақтастық арқылы адамдар бір-біріне көмектеседі, әсіресе қажеттілікті сезінген кезде. Католиктік шіркеу диалогты қолдайды. Бізді ең бастысы қызықтыратын іс-әрекеттер диалогы», - деді Кардинал Жан-Луи Торан.

Дөңгелек үстел басында осындай сөз жарыстырған олар, соңында бәрі бірігіп суретке түсті. Съездің келесі отырысы да Астана қаласында, 2012 жылы өтетін болып келісілді.
XS
SM
MD
LG