Қазақстан көлемінде наразылық акцияларын ұйымдастырмақ болған «Азат» партиясына тек Алматы қаласында ғана ақпанның 21-і күні митинг өткізуге ресми рұқсат беріліп, қалған барлық аймақтарда жергілікті билік орындары әртүрлі сылтаулармен жиын өткізуге рұқсат бермей қойған-ды. Оппозициялық партия әкімдердің үстінен сотқа жүгінген еді.
– Қазіргі таңда сотта істер қаралып жатыр, дегенмен олардың шешімі бізді жақтамасы анық, өйткені қазақстандық соттар жергілікті биліктің сөзін сөйлейтіндігі жасырын емес, – дейді «Азат» партиясы төрағасының орынбасары Маржан Аспандиярова.
Алғашқы өтінішке жауап ала салысымен «азаттықтар» митингті осы айдың 28-інде өткізуге рұқсат сұрап, әкімдерге қайта хат жолдаған. Маржан Аспандиярованың сөзіне қарағанда, осының алдындағы жағдай бұл жолы да қайталануы мүмкін. Себебі, аймақтардағы әкімшіліктер түрлі сылтауларды алға тартып, жиын өткізуге рұхсат берілмейтіні айтылған жауаптар келе бастапты.
– Әр жердің әкімдері дәл сол 28-і күні тағы да түрлі спорттық, ойын-сауық шараларын өткізетін болып шықты. Мәселен, Қызылордада сол күні Қорқыт ата ескерткіші маңында «су тасқынының алдын алу шараларына байланысты оқу-жаттығулар» өтеді екен. Ақтөбеде хоккейден жарыс, ал Маңғыстау облысында «Масленица» мерекесі аталып өтілетін көрінеді, - дейді Маржан Аспандиярова.
Аймақтардағы әкімшіліктердің бұл іс-әрекетін «Азат» партиясының өкілі былайша түсіндіреді:
– Оппозицияның заңда көрсетілген мүмкіндікті пайдаланып, президент пен үкіметке нақты талаптар қойып, билікті сынауы биліктегілерді қатты қорқытатын болса керек. Меніңше, жергілікті әкімдердің рұқсат бермейтіндігі – сол елдімекен басшылығының жұмысының жақсы еместігін байқатады. Егер тұрғындар наразылық шарасына жинала қалса, барлық өкпе-наздарын бетке айтады деп қорқады. Сондықтан да осындай кедергілерге тап болып жатырмыз. Жақсы әкім қазіргі кезеңде дағдарыстан шығудың жолдарын халықпен ақылдаса шешер еді. Алайда, біздің әкімдер керісінше, өзінің орнын сақтап қалудың қамымен жүріп, халықпен бетпе-бет кездесуден қорқады,-дейді Маржан Аспандиярова.
Қазіргі таңда митингінің өтпейтіндігі турасында әкімшіліктің жауаптары Маңғыстау облысынан, Семей, Өскемен, Ақтау және Қарағанды қалаларынан келіпті. Ал Қарағандыдағы «Азат» партиясының бөлімшесіне келген хатта: ««Литейщик» стадионында «Детство» үкіметтік емес ұйымының жиыны өтетіндіктен, сіздерге ақпанның 28-інде митинг өткізуге мүмкіндік болмай тұр» делінген.
Мән-жайды білу үшін Қарағанды қаласының әкімдігіне хабарласқанымызда, әкімшіліктің баспасөз хатшысы Елена Олейник бұл туралы ешнәрсе білмейтіндігін жеткізді.
Ал «Азат» партиясының мүшелері егер осы жолы митинг өткізуге тағы да рұқсат берілмесе, онда өз құқықтарын халықаралық деңгейде қорғайтындарын айтып отыр.
Ақпанның 21-інде «Азат» оппозициялық партиясы Алматыда наразылық митингісін өткізіп, онда «Мәсімов-Құлыбаев» үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен болатын, оған түрлі дереккөздердің бағалауынша 300-ден 1500-ге дейін адам қатысты.