Accessibility links

Қытай әскери қуатын түбегейлі нығайтып жатыр


Қытай сарбаздары мемлекеттік ту ұстап, сап түзеп тұр. Бейжің, 27 қыркүйек 2009 жыл.
Қытай сарбаздары мемлекеттік ту ұстап, сап түзеп тұр. Бейжің, 27 қыркүйек 2009 жыл.

Қыркүйек айында Қытай Ұлт-азаттық армиясының мыңға жуық сарбазы ШЫҰ-ның «Бейбіт миссия – 2010» әскери жаттығуларына қатысу үшін Қазақстанға келмек. Пентагон баяндамасының ауторлары Қытай бұдан қандай пайда табады деген сауал тастайды.


ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА АҢСАРЫ АУДЫ

Қытай қорғаныс министрлігінің өкілі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) әскери жаттығулары – «ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресуге бел байлағанын және қабілетті екенін, өзара сенім мен іс жүзіндегі ынтымақтастықты паш етуге, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауға, жалпы даму мен гүлденуді арттыруға бағытталған ортақ ниетті көрсететіндігін» мәлімдеді.

Eurasia View хабарлауынша, өткен аптада Пентагон АҚШ конгресі үшін дайындаған «Әскери даму және Қытайдың қатысуымен қауіпсіздікті дамыту – 2010» деп аталатын баяндамасын жариялады. Онда Қытайдың өз әскери қуатын арттырып жатқандығы айтылған. Пентагонның пікірінше, бұл оқиғалардың тасасында Орталық Азия елдеріне Қытайдың аңсары ауып отырғаны байқалады.

«Қытай тарапынан өз әскери қуаты жайында ақпарат беру ісінде белгілі бір ілгерілеу байқалады. Алайда, Қытайдың АҚШ-пен арадағы
Қытай тарапынан өз әскери қуаты жайында ақпарат беру ісінде белгілі бір ілгерілеу байқалады. Алайда, Қытайдың АҚШ-пен арадағы әскери келісім-шарттарын тоқтата тұру туралы шешімі екі елдің де мүддесіне қарсы болып шықты.
әскери келісім-шарттарын тоқтата тұру туралы шешімі екі елдің де мүддесіне қарсы болып шықты», – делінген баяндамада.

Қытай экономикалық алып держава ретінде дамып барады. Қытайдың экономикалық өсімі арқасында ел үкіметі қарулы күштерін жетілдіруге көбірек қаржы жұмсай алады. Баяндамада Қытай әскерінің құрылымын, доктринасы мен стратегиясын өзгертуге және ауқымды түрде жетілдіруге кіріскендігі айтылған.

ҚЫТАЙ АРМИЯСЫНЫҢ КҮШ-ҚУАТЫ

Қытай соңғы он жылдың бедерінде армияны жоғары қарқынмен қайта жасақтап, әскерилер елден тысқары жерлердегі оқиғаларға да ықпал етуге мүмкіндік туғызғаны белгілі. Қытай армиясы енді бейбітшілікке қолдау жасауға, гуманитарлық көмек көрсетуге және қарақшылыққа қарсы операцияларды жүргізуге септесе алады. Құрама Штаттар бұндай мүмкіндіктерді қолдайды және оны дамыту үшін Қытаймен бірге жұмыс істегісі келеді.

Солай бола тұра, өзге де мүмкіндіктер үлкен алаңдаушылық туғызып отырғаны айтылады баяндамада. Қытай елге ешкімді маңайлатпау технологиясына инвестициялар салып жатыр. Бұл технологиялар Американың әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін Қытай жағалауларынан алыстатып, Қытайдың қару-жарақ резервіндегі орта-жақын қашықтықтағы зымырандар мен қанатты зымырандарды көбейтуге мүмкіндік береді.

Қытай теңіз флотының қуатын су бетіндегі кемелер мен сүңгуір қайықтар жиынтығы арттырып отыр. Қытай 1998 жылы Украинадан сатып алған авианосец үшін әскери ұшқыштарды даярлап жатыр. Баяндама деректері бойынша, биылдан бастап Қытай өз авианосецін жасауға кірісуі мүмкін.

Құрлықтағы қытай әскерінің саны – 1,25 миллион адам. Әскерді жаңа танктермен, артиллерия және бронетехникамен үздіксіз жарақтандырып, жетілдіріп отырады. Тактикалық тұрғыдан алғанда, армия сонымен қатар командалық және бақылаушы мүмкіндіктерін
Солдан оңға: Қырғызстан, Қытай, Ресей, Қазақстан және Өзбекстан президенттері бірлескен әскери оқу-жаттығулары кезінде. Ресей, 17 тамыз 2007 жыл.
күшейтіп жатыр, жердегі және әуедегі қарулы күштерді үйлестіру мен шабуыл жасау мақсатында сынақтар өткізіп отырады.

Бейжің өз әскери қуатын арттыруын қашан тоқтататындығын Қытайдан тысқары жерде ешкім де білмейтіндіктен, аймақтағы елдер мен өз серіктестерін сабаларына түсірудің жақсы бір тәсілі – осындай өзгерістердің қандай мақсатта жасалып жатқандығын ашық айтып түсіндіру.

ЭНЕРГОРЕСУРСТАРҒА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Қытайдың Орталық Азиядағы басты мүддесі аймақтық ықпал ету мүмкіндігін жасауға, табиғи және энергоресурстарға қол жеткізуге, сонымен бірге Қытайдағы ұйғыр сепаратистеріне қарсы күресте қолдау табуға негізделген.

Бейжің Қытайдың батыс бөлігіне ресурстар тасымалдауға қажетті инфрақұрылымдарды дамыту, атап айтқанда Түркіменстаннан Өзбекстан және Қазақстан арқылы Қытайға құбыр желісін тарту жөнінде Орталық Азияның көптеген үкіметтерімен келісімге келді.

Бейжің, сонымен бірге, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясында Қытайдың ықпалын арттыру және «ұйғыр сепаратистеріне» қарсы тұра алатын аймақтық біріккен күш құру үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен екіжақты және көпжақты әскери жаттығулар өткізді.

Шыңжаңның ішкі қауіпсіздік күштері Орталық Азиядағы жағдайға ықпал етуге, ал әскери авиация мен трансаймақтық жедел әскер күші дағдарыс жағдайында әскер қуатын жылдам өрістетуге пайдаланылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG