Оқиға ақпанның 5-і күні кешке, Алматыдағы Өтепов пен Каблуков көшелерінің қиылысында болған. Үйіне қарай кетіп бара жатқан журналистке тап берген бірнеше адам оны өлімші етіп аяусыз ұрып-соғып кеткен.
«Нұрпейісовтің маңдай және бет сүйектері сынған, бас сүйегі мен миына қатты зақым келген», - деді Розлана Таукина.
Әріптестері 19 жастағы журналистің соққыға жығылуын оның кәсібімен байланыстырады.
«Біз бұл оқиғаны Бақытжан Нұрпейісовтың кәсіби жұмысына тікелей қатысы бар деп есептейміз. Біріншіден, оны соққыға жыққан адамдар журналистке саясат төңірегінде әңгімелер айтқан. Екіншіден, оның журналистік куәлігін, жеке бас құжатын, жұмысқа қажетті заттарын (фотоаппарат, диктофон және жазба дәптері) тартып алған, бірақ ақшасына тиіспеген», - деді Розлана Таукина.
Полиция журналист Бақытжан Нұрпейісовтың соққыға жығылуына қатысты қылмыстық іс қозғады.
ҚР Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев құқық қорғау органдарын қылмысты тездетіп ашуға шақырды.
- Бір байқағаным, мемлекет тарапынан шығатын ақпарат құралдарына ешкім тимейді, ашық айтатын басылымдардың қызметкерлері зардап шегіп жатыр. Бұл соңғы бір-екі айдың ішінде тіркелген үшінші оқиға: бұған дейін Азаттық радиосының тілшісі Ермек Болтай, «Тасжарған» газетінің журналисті Артем Миусов белгісіз біреулердің әрекетінен зардап шекті. Құқық органдарының қызметкерлері қылмыскерлерді іздеп табуы тиіс, - деді Сейітқазы Матаев.
2008 жылдың қазан айынан бастап шыға бастаған «Общественная позиция» апталық газетінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қатысты өткір мақалалар және мемлекеттік қызметтегі лауазым иелерінің ісін әшкерелейтін дерек-дәйектер жарияланып келген-ді.