Қостанайда көгілдір экран хабарларында және жергілікті баспасөз құралдарында іссапарларды азайту, көпшілік жиналған жерлерге жоламау туралы кеңестер беріліп, тұмау вирусынан сақтану шаралары туралы жиі айтыла бастады.
Кейбір бағыттарда автобустар мен пойыздар қозғалысына да тыйым салынды. Алайда, Қостанаймен көршілес Челябинск облысынан келіп жатқан қауесет елді абыржытып тұр. Мәселен, Челябинск мемлекеттік университеті тұмауға байланысты өткен аптада карантин жариялаған, олар оның мерзімін осы айдың соңына дейін ұзартқан көрінеді. Қостанай облысында Ресейдің қалаларында білім алып жатқан жастар аз емес. Олардың барлығы дерлік карантин уақытында елге келгені белгілі.
Қараша айының ортасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық бақылау басқармасының Қостанай облысы бойынша бөлімінің бастығы Елена Лесикова арнаулы баспасөз мәслихатын өткізіп, тұмау дертінің алдын алу және емделу шараларына тоқталды.
Дәрігерлердің кейбірі тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы қолды жиі жуу дегенді айтады. Олардың түсіндіруінше, қолды сабындап жуу тұмау дертімен ауру қаупін 35-60%, ал бетке бетперде ұстау 25-40% азайтатын көрінеді. Қостанай қаласындағы 34 мектептің үшеуі, 22 бала бақшаның 16-ы жаппай бетперде киюге көшті.
Бізбен әңгімесінде дәрігер-терапевт Мәдина Жандарбекова бетперделер кәдуілгі және арнаулы болып екіге бөлінеді деді. Арнаулы бетперделер құрт ауруы(туберкулез), астма секілді қатерлі дерттерден сақтану үшін пайдаланылса, олардың құрамында дертке қарсы дәрілік қоспалар болады екен.
Ал қазіргі уақытта дәріханаларда сатылып жатқан бетперделер бір-ақ рет пайдалануға жарайды.Олар қарапайым целлюлозадан жасалған. Бірақ, одан да сенімділеу масканы кәдімгі дәкені бірнеше қабат орап, қолдан жасап, тігіп алуға да болады. Мәдинаның айтуына қарағанда, жуық арада дәріханаларға шошқа тұмауына қарсы шығарылған бетперделер түседі. Олар бұрынғы бетперделерге қарағанда қалыңырақ.
Оқу орындарындағы жағдайды білмек болып облыстық білім департаментіне хабарласқанымызда, оларда облыс бойынша тұмау дертіне байланысты толық мәліметттер жоқ болып шықты. Өйткені, облыстық білім департаменті қызметкерлерінің тең жартысынан көбі ауырып жатыр екен. Дәріханаларда А / H1N1 тұмауын емдеу және оның алдын алуға арналған препараттардың сегіз түрі бар.Олардың бағасы да аса қымбат емес. Дегенмен, емханаларда ұзын сонар кезек жоқ. Ауырып-сырқағандардың басым көпшілігі өз бетімен емделіп жатқанға ұқсайды.
«Мына Қостанайда екенің бірінің бетінде бетперде. Біз ауылдан келдік. Онда да пысқырып-түшкіріп, ауырып жүргендер аз емес. Бірақ, ауылда тұмау туралы ешқандай әңгіме жоқ, ауырғандар тұрып жүріп-ақ, шаруаларын істеп жатыр. Қатты ауырған кісі болса, амал жоқ, осында келіп емделеді ғой» - дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер Абдулла Қарымсақов.
Мемлекеттік санитарлық-эмидемиологиялық бақылау комитеті облыстық департаментінің директоры Ғалым Естекбаевтың сөзіне қарағанда, облыста соңғы апталарда суық тиіп ауырғандар санының деңгейі он үш пайызға дейін көтерілген, осыған орай дерттің алдын алу және оның тарауына тосқауыл қою штабы құрылған, барлық әуежайлар мен вокзалдарда, сапаржайларда және кеден бекеттерінде санитарлық бақылау жұмыс жасайды.
Дәрі-дәрмектер сатып алуға бюджеттен 23 миллион теңге қаржы бөлінген. Күн сайын мониторинг жүргізіледі. Ғалым мырза бұған дейін БАҚ бетінде жария болған Челябинск облысында алты адам доңыз тұмауына шалдықты деген хабар зертханалық тексеру кезінде анықталмағанын айтып отыр.
Қазақстанда осы жылдың тамыз айына дейін Н1N1 вирусын жұқтырған 17 адам тіркелген болатын.