Өз басым осыларды көргенде қатты күйініп, бойымды намыс кернеді. Содан соң көпшіліктің назарына ұсынуды жөн көрдім.
Алматы қаласында жаңадан ашылған Алатау аудандық әкімшілігінің жанына орналастырылған осы биллборд арқылы бишікештер не айтқысы келді екен?
Менің айтарым: "Бүкіл елдің болашағын бір адамның тағдырына байлап қойған сорлы қазақтардың сормаңдай тірліктеріне қалай таң қалмассың. Біз күліп қарайтын кейбір қоңсы елдерде де мұндай сорақылықты кездестірмейтін шығармыз".
Ал мына биллбордтың Қапшағай қаласына қарай баратын даңғыл жолдың «Галлахер» темекі
компаниясына бұрылатын жол айырығы мен Алматы қаласындағы Саин және Маречек көшелерінің қиылысында ілініп тұрғанына бір жылға таяды (менің байқаған уақытым мен жерлерім).
Көктемгі гүлдердің ортасында күлкісі жиылмай отырған осы адамға дауыс бергісі келгендер 2005 жылдың аяғында дауыс беріп қойған жоқ па еді, ал бұл кісіге енді дауыс бергісі келетіндердің қашан дауыс бере алатынын бір Алла ғана білетін болар. Өз басым, мұны осы кісіні мазақ қылғандық деп есептеймін.
Мынау да сол Қапшағайдың жолының бойында ілулі тұр. "Бабалар салған сара жол ұрпаққа қандай дана жол" болмақ, егер біз тәуелсіз елміз деп жүрген жылдары большевиктер салып берген қисық жолдан бір танбасақ? Идеологиямыз да, өмір сүру салтымыз да, қоғамға, өмірге деген көзқарасымыз да коммунистер тоқпақтап-тоқпақтап сүйегімізге сіңіріп жіберген сол баяғы жауыр болған насихаттан құтылмаған болса.

Айналып-айналып келіп, «Нұр Отанды» ойлап таптық. Басқа нәрсе ойлап табуға өреміз жетпейді. Орыстар айтпақшы: "Барлығы баяғы Брежневтің кезіндегідей". Айта берсе әңгіме таусылмас, мұның бәрін өздерің қалай түсінесіңдер, құрметті оқырман қауым?
Нағашыбай Есмұрзаев,
Алматы, қаңтар 2009 ж.