ГЛИВИЦТЕГІ АРАНДАТУ
Поляктар Германия аумағындағы радиостансаға шабуыл жасады дегенді желеу еткен неміс нацистері Польша жеріне басып кірген 1939 жылғы қыркүйектің 1-і - Екінші дүниежүзілік соғыстың ресми басталған күні ретінде белгіленген.
Арада үш апта өткенде, Молотов-Риббентроп совет-герман шартындағы құпия мерзімге сәйкес, совет әскерлері Польшаның шығыс бөлігін жаулап алды.
Польшаға жоспарлы шабуыл жасауға байланысты немістерге ілікке себеп болатын нәрсе керек еді. Осы мақсат үшін болмаған шабуылды қолдан жасап, оны поляктарға жабу туралы идеясын ойлап тапты.
Гейдрихтың жоспары бойынша, поляктардың әскери киімдерін киген СС қызметкерлері немістің шекаралық қаласы Глейвицтегі (Польшаның қазіргі Гливиц қаласы) радиостансаға шабуыл жасап, өзге әлемге Польшаны басқыншы етіп көрсетуі тиіс еді.
Тарихшы және сол кезде үлкен ағаш мұнара радиостансаның қараушысы болған Анжи Яржевский неміс әскері радиостансаның ғимаратына баса-көктей еніп, оны басып алғанын айтады.
«Глейвицтегі арандатушылықтың басты мақсаты – Польшаның тарапынан басқыншылық әрекеті болғандығына Франция мен Ұлыбританияны сендіру еді. Себебі, бұл үш елдің арасында жасалған келісімге сәйкес, немістер тарапынан агрессия бастала қалған жағдайда, Франция мен Ұлыбритания екі-үш күннің ішінде шара қабылдап, 15 күннің ішінде бүкіл майдан көлемінде іс-әрекеттер бастауы тиіс болатын. Осылайша Германия Польша жеріндегі өз іс-қимылдарын «заңдастырып», өзінің батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп алды», – дейді Анжи Яржевский.
Бүгінде, арада 70 жыл өткенде, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германияға Польшаның басқыншылық жасауы түрткі болды деген нацистердің сөзін бүкіл әлем келемеж етеді.
КРЕМЛДІҢ ҰСТАНЫМЫ
Бірақ, Молотов-Риббентроп шартының рөлі туралы пікірталастар әлі де жалғасуда. Екі тараптың Шығыс Еуропаны нацистік және советтік ықпал ету аймақтары ретінде өзара бөліскенін көрсететін әлгі шарттың құпия хаттамасындағы картаға байланысты дау-дамай да тоқтаған жоқ.
Ресейде әлі күнге дейін көпшілік жұрт совет әскері Польшаға екеуара келісілген нацистік-советтік жоспарға сәйкес емес, керісінше, поляктарды нацистердің басқыншылығынан қорғау үшін барды деп санайды.
Ал Кремль болса, нацистерді жеңуде совет әскери күші шешуші рөль атқарған деген ресми ұстанымынан танбай отыр.
1941 жылдың маусым айында Гитлер Совет одағына соғыс ашып, төрт жылға созылған ол соғыста 20 миллион совет азаматы құрбан болғаны айтылады.
Ресей президенті Дмитрий Медведев Екінші дүниежүзілік соғысты «тоталитарлық жүйелер арасындағы тартыс» деп сипаттағысы келетіндерді сынға алды.
18 тамызда Израиль президенті Шимон Переспен өткізген келіссөздердің қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде Дмитрий Медведев Кремлдің ресми ұстанымына күмән білдіретіндерді Холокостты жоққа шығаратындарға теңеп, оларды тарихи ревизионисттер деп атады.
«Қандай да бір саяси мақсат-мүддеге бола шынайы тарихты бұрмалауға жол бермеу – қазіргі таңда біздің міндетіміз болып табылады. Фашистерді талқандауда Совет одағының шешуші роль атқарғандығына, сондай-ақ Холокост қасіретіне кейбір мемлекеттердің шек келтіретіндігіне біз бейжай қарай алмаймыз», – деді Дмитрий Медведев.
ПУТИННІҢ РИТОРИКАСЫ
Дәл осы тарихи даудың контексінде Польшаның премьер-министрі Дональд Таск Гданьскіде 1 қыркүйектегі нацистердің басқыншылығы басталғанына 70 жыл толуын атап өту рәсіміне Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркельді шақырды.
Поляктың «Gazeta Wyborcza» күнделікті газетінің редакциялық мақалалар бағанында Владимир Путин бұл шақыруды өзінің еш іркіліссіз қабыл алғанын жазыпты. Сондай-ақ ол Ресей мен Польша арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс туралы ұзаққа созылған дауды басуға тырысатындығын айтып, бір тоқтамға келетіндіктеріне үміт білдіріпті.
Бұған қоса Владимир Путин өз мақаласында Молотов-Риббентроп шартын пасық келісім ретінде айыптап, 1940 жылы Катынь орманында 22 мың поляк офицерін Қызыл армияның қырғандығын мойындайды.
Владимир Путин Польша-Ресей қатынастарындағы өткеннен қалған таптауырын көзқарас пен сенімсіздікті жою бүгінгі көшбасшылардың міндеті болып табылатындығын да жазыпты.
Сонымен бірге Путин батыс тарихшыларын жағдайдың анық-қанығына жетпестен, жекелеген көріністерді тарихи контекстен бөліп алып көрсетіп, қазіргі заманғы саясатта екіұшты стандарт қолданады деп сынға алды.
Бұған қоса ол 1938 жылғы Германия, Франция, Ұлыбритания арасындағы Мюнхен келісімін айыптады. Оның айтуынша, Мюнхен келісімінің кесірінен «фашизмге қарсы күресте біріккен майдан құруға деген үміт үзілген».
Владимир Путиннің мақаласындағы риторикадан соң бақылаушылар ол Гданьскіде Батысқа қарай кезекті рет саусақ шошайтып сөйлейтін болады деп күтеді. Әйткенмен Ресей премьер-министрінің бұл ескертулері Польшамен арақатынасын жақсарта ма, жоқ әлде керісінше, одан әрі ушықтыра түсе ме – оны тек уақыт көрсетеді.
Неміс канцлері Ангела Меркель Владимир Путинмен және өзге де елдердің көшбасшыларымен өзінің «дұшпан емес, серіктестер ретінде» кездесетіндігін айтты.
Өзінің дәстүрлі апталық радио жолдауында Ангела Меркель Гданьскідегі бұл рәсім «азап пен қайғы-қасірет» және «соғыс оты тұтанған сәттен бастап, Германияның жадында келе жатқан күнәні еске алу» күні болатындығын хабарлады. Бірақ, оның айтуынша, бұл күн сондай-ақ соғыстан кейінгі реттеу кезеңі үшін алғыс пен сенім күні де болмақ.