Прокуратура Шымкенттегі қалалық «Жедел жәрдем көрсету қызметінің» жұмысына тексеруі жүргізіп, адамдардың ажалына себепкер болған кемшіліктердің бетін ашқанын хабарлады.
Бекітілген ережеге сәйкес, дәрігерлік жедел көмекке зәру жандардың хабары 4 минөттің ішінде жедел жәрдем тобына жеткізіліп, бас-аяғы 15 минөттің ішінде олар науқасқа жетуге міндетті. Алайда, іс жүзінде жағдай мүлдем өзгеше боп шыққан.
Прокуратура өкілдері, «Жедел жәрдем» қызметі былтырғы жылдың ішінде 130 мыңдай шақыруға кешігіп жеткені, соның ішінде 31 мың рет науқасқа шақырту алғаннан сәттен бастап арада 1 сағат өткен соң ғана барғаны анықталды деп отыр.
2008 жылдың ішінде жүзге жуық науқас кешігіп жеткен дәрігерлердің көз алдында өмірден озған, олардың көбіне диагноз дұрыс қойылмаған, дейді прокуратура өкілдері.
– Оған қоса, қажетті қондырғы мен шұғыл көмекке керек адреналин, атрорин секілді дәрі-дәрмектер тапшылығы болған. Былтырғы қараша айында жедел жәрдемнің дәрігерлері қансыраған жүкті әйелге көмек көрсете алмай, араға бір сағат өткен соң ғана арнайы интенсивті терапия тобын шақыртқан.
Бірақ, дәрігерлер сәбидің өмірін аман алып қала алмаған. Тағы бір мысал, сәуір айында шатырдан құлап, денесін бірнеше жерден жарақаттаған азаматқа жедел жәрдем қызметі қажетті көмек көрсете алмай, ол ауруханаға барар жолда көз жұмған.
Диагноздың дұрыс қойылмауы да ажалға себепкер болған. Тексеру көрсеткендей, тек кардиология орталығына себепсіз 147 науқас жеткізілген, – деді Еңбекші аудандық прокурорының көмекшісі Ербол Өстеміров.
Ол сондай-ақ медициналық құжаттандыру ісінде де шалалық шаш-етектен дейді. Науқастардың жеке картасында емнің көмегі көрсетілмеген, сол секілді нәрестенің дүниеге келген уақыты, жүрек соғысы, демі туралы деректер толтырылмай келген.
Прокуратураның тексеруінде анықталған барлық фактілер сарапталып, «Қалалық жедел жәрдем беру қызметінің» бас дәрігерінің орынбасарынан бастап, станция меңгерушілері, дәрігерлері, фельдшерлер – бас-аяғы 14 адамға қатаң сөгіс берілген.
– Біздің тарапымыздан медициналық мекеменің жұмысын қатаң бақылудан басқа амал жоқ. Жедел жәрдемнің кесірінен көз жұмғандардың жақындары шағымдануға асықпайды. Сондықтан, біз оларды терең тексеріп, марқұм болғандарға сараптама тағайындай алмаймыз. Оның үстіне, біршама уақыт та өтіп кетті.
Егер арыз-шағым түсіп жатса, бұл жайттар бойынша дәрігерлерге «өз қызметіне немқұрайлы қарағаны үшін» айып тағып, Қылмыстық кодекске сәйкес қылмыстық іс қозғалады. Тек сонда ғана кінәлілерді қатаң жауапқа тартуға болады. Ал ондай арыз-шағымдар түспесе, кінәлілерді жазалау айып-сөгіспен шектеле береді, – дейді прокурордың көмекшісі Ербол Өстеміров.
Ал қалалық жедел жәрдем көрсету қызметі бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Гольдина мекеменің жұмысы өткен жылдың 21 қыркүйегінен бастап жақсарды, деп отыр. Оның айтуынша, жұмыс істеу жүйесі автоматтандырылып, бақылау күшейтілген, жедел жәрдем тобының әрбір қадамы қадағалауға алынған.
– Тәулігіне 600-дей шақыруға шығамыз. Мекемеде барлығы 183 дәрігер жұмыс істейді. Бұл қажетті көлемнің 87 пайызын қамтиды, әрине, жеткіліксіздеу. Оның үстіне, көбінесе жастар жұмыс істейді.
Ал адреналин секілді маңызды препараттардың болмауына біз кінәлі емеспіз. Олар дәл сол кезде бүкіл Қазақстанда жоқ болатын. Қазір барлық дәрі-дәрмек түгел бар. Биыл бұл мақсатқа 32 миллион теңге бөлінді. Ал дұрыс диагноз қоймаған бір ғана фельдшер сөгіс алды.
Жедел жәрдем қызметіне жүгінген науқастардың 71 пайызы ауруын асқындырып алған немесе созылмалы дерт түрлеріне шалдыққандар. Біз емдемейміз. Уақытында емделу керек. Біз тек көмек көрсетеміз, – дейді Татьяна Гольдина.
Мекемеде жұмыс істейтін қатардағы мамандар бұл кәсіптің ыстық-суығына шыдаудың оңай еместігін, еңбекақының төмендігі дәрігерлер арасында жедел жәрдемдегі жұмыстың қадірін қашырып тұрғанын айтады.
«Көбісі бұл жерде аз ғана уақыт істеп, шыдай алмай шығып кетіп жатады. Тәулігінде кемінде 15 рет көмекке шығамыз. Күні-түні тыным таппаймыз. Бұл, әсіресе жас мамандарға психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді.
Ал, жалпы жұрт жұмысымызға ризашылығын білдіріп жатады. Бірақ, барлығының көңілінен шығу мүмкін емес қой», – дейді осы мекемеде дәрігер болып қызмет ететін Сәбит Айнамқұлов.