Бірақ баспасөздің таратып жатқан хабарларына қарағанда, бомба шабуылдарының Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның биліктегі Әділет және даму партиясының болашағы жайында сот шешім қабылдар алдында жасалып отырғаны тегін емес.
Түркия қауіпсіздік қызметкерлері Стамбулдың бір ауданында орын алған қос жарылыста бомбалардың қоқыс салынатын жәшіктерге жасырылғанын айтқан. Алғашқы бомба жарылған кезде жараланғандар ғана болған. Алайда 10 минут уақыт өтісімен жақын жердегі қоқыс жәшігінде әуелгіден қуаттырақ жарылыс болған.
Стамбул қаласының губернаторы Муаммер Гулер осы екінші жарылыста 17 адам қаза тауып, 150- ден астам кісі жарақат алды дейді:
-Бомбалардың екеуі де қоқыс жәшіктеріне қойылған екен. Жарылыстардың арасы 10-12 минуттай айырмашылықпен болған. Бірінші жарылыстан кейін бұл маңға адамдар көбірек жиналып қалған және дүкендерінің алдына шығып, қарап отырғандар көп болғандықтан, екінші жарылыстан зардап шеккендер мен құрбандар саны тым өсіп кетті.
Билік жексенбі күнгі жарылыстардың террорлық әрекеттер екендігiне еш күмәнданбайды. Бірақ жауапкершілік міндеті анық кімге жүктелері әзірге айқын емес деп атап өткен.
Бұдан бұрынырақта Стамбулдағы жарылыстарды күрд сепаратистері ұйымдастыратын.
Стамбулдағы саяси талдаушы Хашим Хосрошахи Фарда радиосына берген сұхбатында жарылыстарды кімдер жүзеге асырды деп нақты қорытынды жасауға әзір ертерек болып тұр дейді. Ол мұнда көптеген түрлі топтар бар және олардың күн тәртібіне шығарып отырған талаптары да түрліше деп атап көрсетеді:
-Кейбіреулер бұл күрд сепаратистерінің ісі деп ойлайды, ал енді біреулер бұның артында шетелдік күштер тұр дегенді айтады.
Дегенмен де, мерзімді басылымдар жарылыстардың орын алған уақытына назар аудара келіп, бұл төтенше оқиғаларды Конституциялық сот дүйсенбі күні ел астанасы Анкарада үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның Әділет жане Даму партиясын саясаттан шеттету туралы мәселені талқылайтындығымен байланыстырады.
Ердоған жетекшілік ететін партия бір жыл бұрын ғана сайлауда жеңіске жеткен болатын. Түп-тамыры тиым салынған Ислам партиясына негізделген қазіргі билік партиясы Түркия Конститутциясында көрсетілген бекзаттық қоғам шарттарымен қайшы келеді деп айыпталады.
Түркия Конституциялық соты Ердоған партиясы исламдық әрекеттермен байланыста ма, жоқ па деген мәселенің ара жігін анықтайтын болады.
Анкарадағы Таяу шығыс техникалық университетіндегі ғалым, профессор Хусейін Басги бұл мәселені жете зерттеген, ол Ердоған партиясына тиым салынады деп күтпейтіндігін айтады:
-Партияның жабыла қоймайтындығы байқалады. Бірақ мұнда кейбір жазалау немесе ақшалай айыппұл төлеу жағдайлары болатын шығар. Қазіргі таңда кейбір саясаткерлер саяси қимылдардан кемінде алдағы бірер жылға шеттетілуі мүмкін.
Түркияда биліктегі партияға тиым салынуы мүмкін деген бағыт белең алғалы бері саяси және экономикалық тығырық басталғандай.
Полиция үкіметті құлатпашқы болды деп күдіктелген әсіре-ұлтшыл топ арасында тергеу-тексеру шараларын жан-жақты жүргізуде. Осы іске қатысты қазірге дейін 86 адам ұсталды.
Ал бұл аралықта Түркия әскерилері елдің оңтүстік-шығысындағы күрд жікшілдеріне қарсы науқанды белсенді жүргізуін жалғастыруда. Жексенбі күні түркиялық әскери ұшақ бүлікшілер деп күдіктелген 12 адамды өлтірді деп хабарланды.