Ауғанстан президенті Хамид Карзай алдағы бірер күннің ішінде жаңа үкіметтің мүшелерін қайта таңдайды. Бұл туралы ел парламенті президент ұсынған 17 кандидатты кері қайтарған бірнеше сағаттан кейін президенттің өкілі мәлімдеді.
Сенбі күні парламентте бірнеше сағатқа созылған талқылаудан кейін өткен жасырын дауыс беру нәтижесінде президент Карзайдың үкіметке ұсынған 24 үміткерінің 17-сі қабылданбады. Бекітілмеген кандидаттардың қатарында сауда, экономика, әділет, денсаулық сақтау министрі қызметінен үміткерлер болды.
Олармен қатар әйелдер істері жөніндегі министрлікке ұсынылған Хоснбану Газанфар мен энергетика министрі қызметіне таңдалған Исмаид Ханды да парламент мақұлдамай тастады.
Ауған президенті соңғы жылдары үкіметте өзімен бірге жұмыс жасап келе жатқан 12 министрді алып қалғысы келген. Алайда парламент тек қана бұрынғы министрлердің бесеуін ғана қалдырды. Олардың ішінде қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак, ішкі істер министрі Ханиф Атмар және қаржы министрі Омар Захилвал бар.
Ауған депутаттары Карзай ұсынған тізім оның бұрынғы үкімет құрамы сияқты дегенді алға тартып, президенттен тізімді жаңа адамдармен толықтыруды сұрады.
Президент Карзай елдегі шенеуніктер арасында кең тараған сыйблас жемқорлық істеріне байланысты көп сынға тап болды. Батыстың донор елдері Ауғанстан президентінен жемқорлықты түбірімен құртуды талап етіп келеді.
Қарапайым ауғандықтардың өзі үкіметке жаңа, таза адамдардың келгенін қатты қалайды деді Кабулда орналасқан саяси сарапшы Вахид Можда Азаттық радиосына берген сұхбатында:
«Адамдар егер Карзай мырза жемқорлықты ауыздықтағысы келсе, неге ол өзімен бірге 5-8 жыл бірге жұмыс істеген министрлерді қайта қалдырғысы келеді, олардың бәрі коррупция бойынша айыпталғандар дегенді айтады. Дәл осы адамдар үкіметтегі сыбайлас жемқорлықтың болуына себеп болып отырғандар», - деген пікірін айтты.
Депутаттар болса, ел президентін кейбір кандидаттарды дұрыс таңдамаған деп сынады. Олардың айтуынша, Карзай 2009 жылғы президенттік сайлау науқаны кезінде өзіне қолдау танытқан адамдар мен өзінің руластарын алға тартқан.
Хамид Карзай өткен жылғы 20-шы тамыздағы даулы президенттік сайлаудан кейін екінші мерзімге президенттікті алып отыр. Бұл сайлауда заңбұзушылықтар болды деген тұрғыда дауыстардың төрттен бір бөлігі жарамсыз болып табылған.
Карзай ұсынған кандидаттардан парламенттің бас тартуын ауғандықтардың біразы президентке үлкен соққы болды деп қабылдап отыр.
Сарапшы Можданың сөзіне қарағанда, парламенттің шешімі Карзайдың жаңа үкімет құрамын енді ашық әрі мүмкіндіктеріне қарай таңдауына негіз болады.
Карзай қазір өзінің қолдаушыларына, мен сені жоғары қызметке ұсындым, бірақ парламент бас тартты, енді мен ештеңе жасай алмаймын деп айтуы мүмкін, дейді саяси сарапшы Азат Еуропа/Азаттық радиосына берген сұхбатында.
Осыған дейін Карзай кабинет мүшелерін қаңтардың 28-де Лондонда өтетін Ауғанстан бойынша халықаралық конференция алдында жасақтауға тырысады деп күтілген.
Бұл жиынға қатысады деп күтілген Ауғанстан сыртқы істер министрінің қызметі конференция аяқталғанша бекітілмейді. Енді Ауғанстан президентінің жаңа үкімет тізімін нақты қашан ұсынатыны белгісіз.
Ауғанстан парламенті қаңтардың 5-нен бастап, 45 күндік демалысқа шығады.
Хамид Карзайдың өкілі Ахмад Зия Сиямак президент жаңа тізімді дайындап алдағы күндері ұсынады дей келе, бірақ ол жаңа кабинетке дауыс беретін депутаттардың демалыстарын кейінге қалдыру-қалдырмауына байланысты болады деді.