Үкімет елдегі барлық мектеп пен университеттің, кейбір мемлекеттік мекемелердің жұмысын уақытша тоқтатты. Ондағы мақсат - сайлау күні көшедегі кісі қарасын азайту, сол арқылы қоғамдық орындарда болуы мүмкін шабуылдардан елді сақтандыру.
Қауіпсіздік қызметкерлері Кабул тұрғындарына жұрт көп жиналатын жерлерге бармауды ескертіп, үйлерінде отыруға үндеді. Жүздеген сарбаз бен полиция қызметкері көліктер мен адамдарды тоқтатып, тексеріп жатыр.
Сайлау науқаны өтетін орындарға да қосымша күзет қойылған. Президент сайлауына түсіп жатқан Абдулла Абдулла мен Ашраф Ғанидың да күзетшілері көбейген.
Мұның бәрі – маусымның 10-ы күні басталған, сайлауға тікелей қатысы бар «мемлекеттік мерекелік шаралар». Ол президент сайлауы біткенде ғана аяқталады.
Ауғанстанның қауіпсіздік жасақтары сайлаудың бірінші турын жақсы күзетіп, бәрі тыныш біткен. Ендігі екінші тур оларға әлдеқайда қатаң сынақ болатын тәрізді.
Маусымның 14-і күні болатын сайлау «Талибан» шабуылдары жиілейтін маусымға сай келіп тұр. Содырлар ұйымы өткен айда «шабуыл бастайтынын» мәлімдегелі елде адам өлімі көбейді.
Маусымның 6-сы күні президенттікке кандидат Абдулла Абдуллаға шабуыл жасалды. Кандидат аман қалды, алайда оқиға орнында 12 адам мерт болды.
Осындай жайттарға қарамастан, биліктің қауіпсіздік жайлы ескертулеріне құлақ асып, сақтанып жатқан жұрт шамалы сияқты.
Президент сайлауының екінші турына түсетін екі кандидаттың да сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Олар Ауғанстанның жер-жерінде жұртпен кездесіп жүр.
Ал Кабул тұрғындары «сайлау құрметіне» жарияланған демалысқа қарамастан, күнделікті шаруаларын атқарып жатыр. Маусымның 10-ы да мұнда демалыстан гөрі жұмыс күніне көбірек ұқсады. Себебі Кабул тұрғындары әдеттегідей жұмыстарына барды, азық-түлік саудасы күндегідей жүріп жатты, көшеде крикет ойнап жүргендер де баршылық.
Жұрттың мұндай бейғамдығына сайлаудың сәуірдің 5-і күнгі алғашқы турының тыныш өткені әсер еткен болар. Ол күні Кабулда ешкімге шабуыл жасалмады, ал дауыс беруге бұл ел үшін рекордтық деңгейдегі адам келген.
Сағат сатушы Абдул Уәли бүлікшілердің қоқан-лоқысынан қорықпайтынын айтады.
(Азаттық тілшісі Фруд Бежанның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан).

#Afghanistan: Kabul resident: "Insecurity won't be a factor for us on election day. We'll continue our daily lives." pic.twitter.com/kD3Zi5wMHa
— Frud Bezhan (@FrudBezhan) June 10, 2014
Аяқ киім тазалаушы Исақ «бүлікшілер қоқан-лоқысы бізге әсер етпейді, күнделікті шаруамызды атқара береміз, екінші турда да дауыс береміз» дейді. Ол Ауғанстан қауіпсіздік жасақтарының қызметтерін бұрынғыдан жақсы атқаратынына сенеді.
#Afghanistan: Kabul resident on insecurity ahead of elex: "Our soldiers and police showed we have nothing to fear." pic.twitter.com/wTCX5Y6oz7
— Frud Bezhan (@FrudBezhan) June 10, 2014
Бұл суреттегі Кабул тұрғыны «біздің полицейлер мен сарбаздар қорқатын ештеңе жоқ екенін көрсетті» дейді.(Азаттық тілшісі Фруд Бежанның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан).