Акцияны ресми тіркелмеген жануарлар құқығын қорғау орталығы ұйымдастырды. Оның қатарындағы белсенділердің мәліметі бойынша, соңғы бірнеше жылда Қазақстанда он мыңнан астам ит пен мысық өлтірілген.
Белсенділер қаңғыбас жануарларды өлтірмеуді сұрайды
Астанада биліктің рұқсатымен акцияға шыққан 20-дан аса адам қаңғыбас жануарларды өлтіруге тыйым салуға шақырды. Белсенділер балама шара ретінде қаңғыбас жануарларға стерилизация жасауды ұсынады.