15 қыркүйекке қараған түні белгісіз біреулер Алматының орталығындағы 28 панфиловшылар паркінде тұрған Даңқ мемориалын бүлдіріп кеткен. Қаладағы ардагерлердің ұйымдары вандализм әрекетін айыптап, әкімдікті шара қолдануға шақырды. Ішкі саясат басқармасының жетекшісі Нұрлан Сыдықов Азаттық тілшісіне 22 қыркүйекке дейін мемориалдың қалпына келетінін айтты. Фотолардың көпшілігі 2017 жылғы 21 қыркүйекте түсірілген.