Алматының трамвай депосы қаңырап тұр. 2015 жылы қазанның 31-і күні Алматы әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен қаладағы трамвай қызметі тоқтаған еді. Оған трамвайлардың қатысуымен болған екі жол апаты және рельстердің тозуы себеп болған. Алматыдағы трамвай тағдыры қалай шешілетінін әзірге белгісіз.