Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистер мен жарнама берушілердің жұмысына әсер ететін бірнеше бастама айтты.
"Кейбір заң актілеріне ақпарат пен коммуникация мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында журналист мақала кейіпкерінен өзі жайлы жеке деректерді жариялауға рұқсат еткен қолхат алуы керек деген ұсыныс бар. Министрлік жаңалықтарға комментарий жазуды бақылауды, блогшыларды «интернет-ресурс» деп тануды, шетелдік БАҚ-та жұмыс істейтін азаматтарға қатысты құқықтық шаралар жасауды да ұсынған.
Жалпы жұрттың талқылауына түскен осы тәрізді ұсыныстарды даулы мәселе деп атаушылар да бар.
Мұндай өзгерістердің қажеті не? Олардың қайсысы жүзеге асуы мүмкін? Бұл цензура орнатуға ұласпай ма?
AzattyqLIVE бұл мәселені заңгер Ольга Диденкомен талқылады.