Accessibility links

Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтті?


Жергілікті сайлау комиссиясының мүшелері Қырғызстан президенті сайлауына берілген дауыстарды санауға кіріскелі жатыр. Бішкек, 15 қазан 2017 жыл.
Жергілікті сайлау комиссиясының мүшелері Қырғызстан президенті сайлауына берілген дауыстарды санауға кіріскелі жатыр. Бішкек, 15 қазан 2017 жыл.

AzattyqLIVE Қырғызстанда кеше өткен президент сайлауын талқылады. Тікелей эфир хабарына Қырғызстандағы "Атамекен" партиясының өкілі Айбек Тұрдыбаев пен қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов қатысты.

Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясының (ОСК) соңғы мәліметінше, 15 қазан күні сайлауда бір миллион 690 мыңнан қырғызстандық дауыс берген. Ресми мәлімет бойынша, бұл – дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 55,9 пайызы. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, сайлауда Социал-демократиялық партиясының (СДП) кандидаты, бұрынғы премьер-министр Сооронбай Жээнбеков алға шыққан. Оның кандидатурасын 917 мыңнан астам сайлаушы (дауыс берген азаматтардың 50 пайыздан астамы) қолдап дауыс берген. Ал оның негізгі бәсекелесі саналатын парламенттегі "Республика - Ата-Журт" фракциясының жетекшісі, өзін-өзі ұсынған Омурбек Бабанов екінші орында келеді. Оған 564 мыңнан астам сайлаушы (дауыс беруге қатысқандардың 35 пайыздан астамы) қолдау білдірген. Қырғызстан заңы бойынша, президент сайлауының алғашқы турында сайлаушылардың жартысынан астамының дауысын алған кандидат бірден жеңімпаз деп жарияланады.

Солдан оңға қарай: қырғызстандық "Атамекен" партиясының өкілі Айбек Турдубаев, журналист Қасым Аманжол және қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов. Алматы, 16 қазан 2017 жыл.
Солдан оңға қарай: қырғызстандық "Атамекен" партиясының өкілі Айбек Турдубаев, журналист Қасым Аманжол және қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов. Алматы, 16 қазан 2017 жыл.

AzattyqLIVE Қырғызстандағы "Атамекен" партиясының өкілі Айбек Турдубаев пен қазақстандық саясаткер Әміржан Қосановпен Қырғызстан президенті сайлауының өту барысын, сайлау алдындағы түрлі саяси мәлімдемелер жайын, сайлау қарсаңындағы қазақ-қырғыз қатынасындағы дипломатиялық кикілжіңдер мәселесін талқылады.

Тікелей эфир хабарының видеосы:

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG