Accessibility links

Кемсітуге ұшыраған әйел құқығы қалай қорғалады?


Қостанайдағы адам құқығын қорғау бюросы филиалының жетекшісі Анастасия Миллер.
Қостанайдағы адам құқығын қорғау бюросы филиалының жетекшісі Анастасия Миллер.

Қазақстанда кемсітуге ұшыраған әйелдерге қандай көмек көрсетіледі? Ондай жағдайға тап болғандар өз құқықтарын қалай қорғауды біле ме? AzattyqLIVE тақырыпты адам құқығын қорғау бюросының Қостанайдағы филиалының жетекшісі Анастасия Миллермен талқылады.

Қостанай облысындағы Перцевка кентінің тұрғыны Анна Белоусова "жұмыс орнында жыныстық сипаттағы қысым көргені үшін" Қазақстан қаржы министрлігінен өтемақы ретінде жеті миллион теңге (22 мың доллар) өндіртіп беруін сұрап Астананың Сарыарқа аудандық сотына шағым түсірген.

Өткен жылы БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті қазақстандық әйелдің құқығы бұзылған деп танып, Қазақстан мемлекетін Анна Белоусованың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, оған келген "моральдық және материалдық шығынды өтеуге" шақырған. Қазақстандық адам құқығын қорғау бюросының Қостанайдағы филиалының жетекшісі, заңгер Анастасия Миллер "Белоусованың ісі Қазақстаннан БҰҰ комитетіне дейін жеткен жалғыз іс болғанымен, елде мұндай фактілер көп" екенін айтады.

"Қазақстан заңдарында "сексуалдық қысым" ұғымы жоқ, әйелдерді қоғамдық орындарда әлгіндей қысымнан қорғау шаралары қарастырылмаған" дейді құқыққорғаушылар.

Бұған қоса, БҰҰ ақпаратында "Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнестің 44,2 пайызын әйелдер басқаратындығына қарамастан, ірі корпорациялар жетекшілерінің 4,2 пайызы ғана әйелдер. Еңбек табысы бойынша гендерлік айырмашылық 33 пайызды құрап отыр. Әдетте әйелдер ерлер істейтіннен басқа және еңбек иерархиясының төменгі деңгейіндегі жұмыстарды атқарады" делінген.

AzattyqLIVE тақырыпты құқыққорғаушы, заңгер Анастасия Миллермен талқылады. Орыс тіліндегі тікелей эфир хабарының толық видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG