Accessibility links

AzattyqLIVE: ҰҚК өзгере ме?


Кәрім Мәсімовтің премьер-министр кезіндегі суреті. Пекин, Қытай, 31 наурыз 2012 жыл.
Кәрім Мәсімовтің премьер-министр кезіндегі суреті. Пекин, Қытай, 31 наурыз 2012 жыл.

Жаңа басшы барған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетін қандай өзгерістер күтіп тұр? ҰҚК басқа күш құрылымдарымен қалай жұмыс істемек? AzattyqLIVE бұл туралы отставкадағы полковник Арат Нарманбетовпен талқылады.

Қыркүйектің 8-і күні премьер-министр Кәрім Мәсімов президент жарлығымен Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы сарапшылар пікірі екіге жарылды: кей саясаттанушылар мұны Мәсімовті төмендету десе, өзгелері оның салмағы нығая түсетінін айтады. Алайда, екі тарап та алдағы уақытта ҰҚК-де өзгерістер болады деген пікір білдіреді. Бірақ оның қандай өзгеріс болатынын ешкім тап басып айта алмайды.

Әйткенмен басшылығы жаңарғаннан кейін ҰҚК ақпараттық белсенділігін арттыра бастағаны байқалады. Мәселен, ҰҚК соңғы бес жылда 60-тан астам терактінің алдын алғаны, Талдықорғанда «11 қыркүйек» оқиғасына ұқсас шабуыл жоспарлағандардың жолын қиғаны, сонымен бірге теракт жасауға әзірленген радикалдық көзқарастағы азаматтардың бірнеше тобын ұстағаны жайлы мәліметтер жариялады.

Бұл мәлімдемелер Ақтөбе мен Алматыдағы биылғы шабуылдардан соң ҰҚК тиімділігін көрсету ме, жоқ әлде өз өкілеттігін нығайту қажеттігін жеткізудің амалы ма? ҰҚК сарапшылар айтып жүрген «билік транзитіне» байланысты саяси құрылымға айналуы мүмкін бе? Комитеттің өкілетін кеңейту қандай нәтиже беруі мүмкін? ҰҚК басқа күш құрылымдарымен қалай жұмыс істемекші? Кәрім Мәсімовтің кезінде Қытайда жұмыс істегені жаңа қызметіне кедергі болмай ма?

AzattyqLIVE бұл туралы ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетовпен талқылады. Орыс тіліндегі хабарымыздың толық видеосын мына сілтеме арқылы көруге болады.

XS
SM
MD
LG