Украинаның шығысындағы Бахмут қаласы Ресейдің және Украинаның қарулы күштерінің бірнеше айға жалғасқан қиян-кескі шайқасы барысында сау-тамтығы қалмай қирады. Спутниктен түсірілген жаңа суреттерден бір кезде мамыражай тірлік кешкен қаладағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың жермен-жексен болғанын байқаймыз. 16 мамырда Ресей әскері Бахмуттағы украин жауынгерлері бекінген жерлерге 55 рет соққы берді деп хабарлады Украина қарулы күштерінің бас штабы.