Accessibility links

Балкандағы су тасқыны

Сербия, Босния және Герцеговинада ондаған мың адам тасқын су кесірінен тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Босниялық ресми тұлғалардың айтуынша, Балқан түбегінде соңғы жүз жылдың көлемінде болмаған тасқыннан елдегі 3.8 миллион тұрғын халықтың төрттен бірі зардап шеккен. Сербияда жұмысшылар мен еріктілердің күшімен ірі қалаларда, оның ішінде Белградта өзен жағалауларындағы бөген, тосқауылдарды күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен аптада нөсер жауын басталғалы бері Балқанда 40 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG