Accessibility links

Ресейлік сарбаздардың мүрделері, қираған техника. Азат етілген Благодатное ауылында

Азаттықтың Украин қызметінің тілшісі Сергей Нужненко Украинаның Донецк облысындағы Благодатное ауылында болды. Украина әскері шабуылының алғашқы күндері осы елді мекенді азат еткен.

Благодатное ауылы Украинаның Донецк және Запорожье облыстарының шекарасына жақын орналасқандықтан, әңгіме Украина жаяу әскерінің Запорожье бағытындағы шабуылы туралы болып отыр. Бұл ауылды Украина жаяу әскерінің 68-дербес егерь бригадасының жауынгерлері азат етті.


This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Соғыстан қираған ауыл клубындағы кітапхана, Тарас Шевченконың портерті, украин сарбазы мен жайрап жатқан ресейлік жауынгер.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
"Басқыншылар соңғы адамы қалғанша қарсыласып бақты. Біздің жауынгерлер тапқырлық танытты: клубтың қабырғасын гранатометпен атып тесіп кіріп, жаудан тазартуды бастады. Жаудың бірнеше сарбазын қоршауға алып, берілуді ұсынды, бірақ олар бас тартты. Клубпен бір мезетте мектеп ғимараты да біздің қолға өтті", – деді Благодатное ауылы қалай азат етілгенін Украина телеарнасынан хабарлаған Таврия бағытындағы қорғаныс күштерінің спикері Валерий Шершень.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
"Лермонтов" деген лақап атқа ие украин жауынгері Благодатное ауылындағы кітапханананың бүлінген бөлмесінде тұр.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Украина жауынгерлері шабуыл барысында қаза тапқан ресейлік сарбаздың қасында тұр.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Таврия бағытындағы қорғаныс күштерінің спикері Валерий Шершень операция барысында Украина жауынгерлері алты адамды қолға түсіргенін айтты. Олардың арасында өздерін "Донецк халық республикасының ішкі істер министрлігі" деп атайтын заңсыз сепаратистік құрылымның өкілдері мен Ресейдің екі кәсіби әскери қызметкері бар.
XS
SM
MD
LG