Атамбаев "бір адамға тәуелді" одақ туралы
27 қазанда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы соңғы оқиғалар Бішкектің "ЕАЭО-ға тым үлкен үміт артқанын көрсетті" деп мәлімдеді. "Мейлі ол тіпті әлемдегі ең ұлы адам болса да, тек бір адамның көңіл-күйіне тәуелді одақ сенімді болмайды" деп мәлімдеген Атамбаев әлгі адамның аты-жөнін атамады. Қазанның 10-нан бастап Қырғызстан мен Қазақстан шекарасынан жолаушылар мен көліктердің өтуі қиындады. Кей бақылаушылардың пікірінше, бұған Атамбаевтың Қырғызстандағы президент сайлауы алдында Қазақстан билігін сынауы себеп болған. Азаттықтың Қырғыз қызметінің видеосы.