Accessibility links

Таулы Қарабақтағы қақтығыстан бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр

Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан арасындағы қарулы қақтығыс үшінші күнге ұласты. Армения мен Әзербайжан әскерінің қақтығысынан ондаған адам қаза тапты. Көз жұмғандар арасында бейбіт тұрғындар бар.

Бұл – Таулы Қарабақтағы 2016 жылдан бергі ең ірі қақтығыс. Жанжал Оңтүстік Кавказдың тұрақтылығына, мұнай мен газды әлем нарығына шығаратын құбырларға қауіп төндіріп тұр.

Әзербайжан аумағында орналасқан Таулы Қарабақ анклавындағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталды.

Таулы Қарабақ төңірегінде дау Совет Одағы кезінен басталған. Ол кезде Таулы Қарабақ аймағы Әзербайжан ССР-і құрамына кірген, бірақ тұрғындарының көбі армян еді. 1988-1994 жылдары аралығында болған әскери қақтығыс соң Армения әскерінің қолдауына ие болған сепаратистер Таулы Қарабақтың басым бөлігіне бақылау орнатты. Қақтығыстан 30 мың адам қаза тауып, жүздеген мың адам босып кеткен. Әзербайжан бұл территорияны оккупацияланған деп санайды. 1994 жылы екі ел арасында қарулы қақтығысты тоқтату және шиеленісті бейбіт жолмен шешу жөнінде келісім жасалды. Бірақ бұл келісім шиеленісті шешкен жоқ. Аймақ қазір этникалық армяндардың бақылауында. Таулы Қарабақ тәуелсіздігін жариялағанымен, оны бірде-бір ел мойындамаған.

XS
SM
MD
LG