Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:26 1.2.2021

Бас санитар: Қазақстан Pfizer вакцинасын алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі АҚШ пен Германия компаниялары бірігіп әзірлеген коронавирусқа қарсы Pfizer/BioTech вакцинасын алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы дүйсенбі күні денсаулық сақтау вице-министрі - бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов сөзіне сүйенген жергілікті БАҚ хабарлады. Қиясов 1 ақпанда ауруханалардың бірінде коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдыртқан.

"Жылдың екінші жартысында Pfizer де Қазақстанға келіп қалар. Алдын ала келісім бар. Pfizer компаниясымен меморандумға қол қойылған. Мәселенің жай жапсарын талқылап жатырмыз" деді Қиясов.

Тұрғынға вакцина егіп жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Тұрғынға вакцина егіп жатқан медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Қазақстанда 1 ақпанда медицина қызметкерлеріне ресейлік коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы салына бастады. Алғашқы кезеңде инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдемде жұмыс істейтін медқызметкерлер, санэпидқызметкерлерге дәрі егіледі.

Наурызда мектеп мұғалімдері мен университет оқытушыларына, ведомстволық медицина мекемелері өкілдеріне; сәуірден бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы ауруы бар азаматтарға вакцина салынбақ.

Министрліктің айтуынша, жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланған. Соның ішінде жылдың бірінші жартысында 2 миллион кісіге екпе салынбақ. Айларға бөлгенде: ақпанда – 100 мың, наурызда – 150 мың, сәуірде – 600 мың адамды қамту жоспарланған.

Шетел зерттеушілері екпенің клиникалық сынағының нәтижелері ашық жарияланбағандықтан, ресейлік "Спутник V" вакцинасының қорытындысына күдікпен қарайды. Вакцинаны былтыр тамыздың аяғында ресми түрде тіркеген Ресей басшылығы препарат қауіпсіз әрі тиімді деп отыр.

Қазақстан үкіметі сәуірден бастап қазақстандық QazCovid-In вакцинасы егілетінін де мәлімдеген. QazCovid-In сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Үш мың еріктіге екпе салынды. Олар қазір бақылауда. Министрлік қазақстандық екпе 1-2 сынақ кезеңінде 96 пайыз тиімділік көрсеткенін мәлімдеген.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығына сай, "Спутник V" және QazCovid-In екпесі 18 жасқа толмаған балаларға және 65 жастан асқан қарттарға салынбауы тиіс. Бұл топтағы адамдарға екпе қалай әсер ететіні толық зерттелмеген.

Қазақстан Ресейдің "Спутник V" вакцинасын сатып алуға 16,8 миллиард теңге (40 миллион долларға жуық) жұмсамақ.

09:08 1.2.2021

1275 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 8 адам қайтыс болды

31 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 1 259 адам тіркелді. 16 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 1 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Жексенбі күні 8 адамның қайтыс болғаны хабарланды: 7 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Медицина қызметкерлері.
Медицина қызметкерлері.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 187 970 адамға жетті. 168 768-і жазылған. Өткен тәулікте 854 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 556 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 874 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 570 адам қайтыс болған. 35 900 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 28 050 адам емделіп жатыр. 11 404-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 6 414 науқас стационарда емделіп жатыр. 260 адамның жағдайы ауыр, 52 науқастың жағдайы өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппараттына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 102 млн 9 мыңнан асты. 57 млн 15 мың адам жазылған. 2 млн 227 мың науқас қайтыс болған.

07:16 1.2.2021

31 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 259 адам тіркелді

31 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 259 адам тіркелді. Павлодар облысында тағы 246 адамға коронавирус жұққаны тестпен нақтыланған.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 22 284 (+61 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 22 128 (+116),

Шығыс Қазақстан облысында - 20 240 (+81),

Атырау облысында - 16 092 (+78),

Қарағанды облысында - 13 873 (+86),

Павлодар облысында - 13 610 (+246),

Батыс Қазақстан облысында - 11 058 (+87),

Солтүстік Қазақстан облысында - 10 954 (+85),

Қостанай облысында - 10 309 (+88),

Ақмола облысында - 10 964 (+197),

Алматы облысында - 9 287 (+62),

Шымкент қаласында - 5 876 (+9),

Жамбыл облысында - 5 581 (+14),

Маңғыстау облысында - 4 048 (+10),

Түркістан облысында - 4 102 (+25),

Ақтөбе облысында - 3 955 (+5),

Қызылорда облысында - 3 609 (+9).

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 187 970 адамға жеткен.

09:25 31.1.2021

Қазақстанда бір күнде 17 Covid өлімі тіркелді

30 қаңтар күні Қазақстанда коронавирустан тағы 17 адамның қайтыс болғаны анықталды. Оның 14-і – вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқас, үшеуі – коронавирус пневмониясына шалдыққан науқас.

Ресми статистика бойынша, індет басталғалы ПТР тестімен расталған науқастар арасында 2549 адам қайтыс болған. Бұл статистика вирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

Қазақстан үкіметі коронавирус пневмониясының есебін тек 1 тамыздан бастап жүргізе бастады. Осы күнге дейін пневмонияның бұл түріне 47 858 адам шалдығып, оның 569-ы көз жұмды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG