Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:03 8.2.2021

ПТР тесті оң шыққан тағы 1 003 адам тіркелді

7 ақпанда Қазақстанда тағы 1 003 адамның ПТР тесті оң шыққаны белгілі болды. Ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (222) тіркелген.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 23 139 (+75 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 22 898 (+114),

Шығыс Қазақстан облысында - 20 705 (+63),

Атырау облысында - 16 467 (+43),

Қарағанды облысында - 14 357 (+46),

Павлодар облысында - 15 204 (+222),

Батыс Қазақстан облысында - 11 650 (+83),

Солтүстік Қазақстан облысында - 11 439 (+69),

Қостанай облысында - 10 892 (+81),

Ақмола облысында - 12 070 (+118),

Алматы облысында - 9 732 (+47),

Шымкент қаласында - 5 930 (+5),

Жамбыл облысында - 5 669 (+11),

Маңғыстау облысында - 4 127 (+7),

Түркістан облысында - 4 169 (+7),

Ақтөбе облысында - 4 020 (+5),

Қызылорда облысында - 3 647 (+7).

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 196 115 адамға жеткен.

07:53 8.2.2021

Венгрия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны мақұлдады

Венгрия коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдаған Еуроодақтағы алғашқы мемлекетке айналды. 7 ақпанда үкімет вакцинаның 40 мың дозасын таратуға әзір екенін мәлімдеді. Будапешт алдағы үш айда вакцинаның тағы 2 миллион дозасын алмақ. Британдық The Lancet журналы осы айдың басында "Спутник V" вакцинасының коронавирустан қорғау тиімділігі 91,6 пайыз екенін көрсетті деп хабарлаған.

Венгрия сонымен бірге Covid-ке қарсы қытайлық вакцинаны да пайдаланатын Еуроодақтағы алғашқы ел. Будапешт Қытайдың мемлекеттік Sinopharm компаниясы әзірлеген вакцинаның 5 миллион дозасына тапсырыс берген. Үкімет қытайлық вакцинаны осы айдың соңында пайдалана бастайтынын хабарлаған.

Соңғы мәлімет бойынша, Венгрияда коронавирус инфекциясы 375 мыңнан астам адамға жұққан, 13 мыңнан астам кісі көз жұмған. 10 миллионға жуық тұрғыны бар бұл ел Covid жұқтырғандар саны бойынша әлемде 38-орында.

08:43 7.2.2021

Covid жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар 195 мыңнан асты, оның 175,9 мыңы жазылып шыққан

Коронавирус вакцинасын салып жатқан медқызметкер. Көрнекі сурет.
Коронавирус вакцинасын салып жатқан медқызметкер. Көрнекі сурет.

Қазақстанда 6 ақпан күні ПТР тесті оң шыққан 1146 коронавирус науқасы тіркелді. Осымен Covid инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталғандар саны 195 112-ге жетіп отыр.

Тәулік дерегі бойынша, аймақтар арасында 26 қаңтардан бері күн сайын Павлодар облысы бірінші орын алып келеді. 6 ақпан күні облыста 221 науқас тіркелген. Бірақ бұл көрсеткіш 28 қаңтардан бері тұрақты түрде төмендеп келеді. Сол күні облыста 296 науқас анықталған.

Аймақтар арасында алғашқы үштікке кірген Ақмола облысында осыған ұқсас жағдай байқалып отыр. 23 қаңтар күні 237 науқас тіркеліп, содан бері күнделік тіркелетін науқастар саны біртіндеп азайып келеді.

Қалған аймақтардың көрсеткіші толқын тектес сипатта, бір өсіп, бір төмендеп отыр.

  • Нұр-Сұлтан қаласында -23064 (+140 адам жаңадан қосылған),
  • Алматы қаласында – 22784 (+113),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 20642 (+60),
  • Атырау облысында – 16424 (+44),
  • Павлодар облысында – 14982 (+221),
  • Қарағанды облысында – 14311 (+80),
  • Ақмола облысында – 11952 (+138),
  • Батыс Қазақстан облысында – 11567 (+91),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 11370 (+65),
  • Қостанай облысында – 10811 (+83),
  • Алматы облысында – 9685 (+64),
  • Шымкент қаласында -5925 (+7),
  • Жамбыл облысында – 5658 (+12),
  • Түркістан облысында – 4162 (+3),
  • Маңғыстау облысында – 4120 (+7),
  • Ақтөбе облысында -4015 (+10),
  • Қызылорда облысында -3640 (+8).

Коронавирус инфекциясын жазылып шыққандар 1021 адамға артып, 175 901-ге жетті, қайтыс болғандар 8 адамға артып, 2595-ке жетті. Вирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам бар.

Қазақстан үкіметі былтырғы тамыздан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізіп келеді. Сол уақыттан бері коронавирус пневмониясымен 48 295 науқас тіркеліп, 579 қайтыс болған, 37 225-і жазылып шыққан.

Covid пен коронавирус пневмониясын қоса алғанда қазір барлығы 27 107 адам емделіп жатыр. Оның 5771-і стационарда, 21 336-сы амбулаториялық ем алып отыр.

269 адамның хәлі ауыр, 48 науқастың жағдайы өте ауыр, 42 адам өкпені желдету аппаратына қосылған.

10:34 6.2.2021

Өткен тәулікте (5 ақпан) Қазақстанда коронавирус инфекциясымен 1 141 адам тіркеуге алынды. Тәулік ішінде осы дерттен 5 адам көз жұмса, 1 221 адам жазылып шықты. Үкімет бөлек санаққа алған "симптомдары коронавирусқа ұқсас пневмониямен" ауырғандар санын бір күн кешіктіріп шығарады. Алдыңгүні бұл дертке шалдыққан 68 адам тіркелген, өлім-жітім болмаған.

Коронавируспен ең көп санаққа алынғандар арасында Павлодар облысы (223 адам), Нұр-Сұлтан (161 адам) қаласы, Ақмола облысы (153 адам) және Алматы қаласы (120 адам) көш бастап тұр. Қалған аймақтарда Covid жұқтырғандар саны 100-ден аспаған. Жоғарырақ көрсеткіш Қостанай (82 адам), Батыс Қазақстан (81 адам), Алматы (65 адам), Солтүстік Қазақстан (62 адам), Қарағанды (56 адам) Шығыс Қазақстан (48 адам) және Атырау (45 адам) облыстарында тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі сайтындағы мәлімет бойынша, осы күні 27 200 адам короновирус инфекциясы мен соған ұқсас пневмониядан емделіп жатыр, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда. Ресми дерекке сенсек:

  • 271 адамның жағдайы ауыр;
  • 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 47 науқас өкпені желдету аппаратында жатыр.

"Қазақпарат" агенттігінің хабарлауынша, 6 ақпандағы эпидемия ахуалын бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда тек Ақмола және Павлодар облыстары қауіпті деген "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Қалғандарында қауіп деңгейі төмен.

Жалпы ел бойынша былтырғы наурыздан бері коронавируспен ауырғандар саны 193 966 адамға жетті. Ал соған ұқсас пневмониямен 48 226 кісі тіркелді. Үкімет мұндай пневмония санағын былтырғы тамыздан ғана жүргізеді.

Worldometers ресурсының рейтингі бойынша, Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 59-орында тұр.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG