Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:39 10.2.2021

Қазақстанда тағы 1 123 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 11 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда тағы 1 053 адамның коронавирус тесті оң шықты. 70 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Денсаулық сақтау министрлігінің 10 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 11 адам өлімі тіркелген: 8 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 198 086 адамға жетті. 179 277-і жазылған. Өткен тәулікте 1233 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 621 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 388 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 587 адам қайтыс болған. 37 998 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 25 991 адам емделіп жатыр. 9 803-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 438 науқас стационарда емделіп жатыр. 264 адамның жағдайы ауыр, 46 науқастың жағдайы өте ауыр. 45 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 106 млн 880 мыңнан асты. 59 млн 709 мың адам жазылған. 2 млн 339 мың науқас қайтыс болған.

08:17 10.2.2021

ПТР тесті оң шыққан тағы 1 053 адам тіркелді

9 ақпанда Қазақстанда тағы 1 053 адамның ПТР тесті оң шыққаны хабарланды. Павлодар облысында 195 адамнан коронавирус анықталған. Облыста соңғы бірнеше аптада алғаш рет бір күнде 200-ден аз науқас тіркеліп отыр.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 23 351 (+138 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 23 107 (+91),

Шығыс Қазақстан облысында - 20 869 (+78),

Атырау облысында - 16 541 (+49),

Қарағанды облысында - 14 455 (+69),

Павлодар облысында - 15 607 (+195),

Батыс Қазақстан облысында - 11 785 (+84),

Солтүстік Қазақстан облысында - 11 568 (+68),

Қостанай облысында - 11 053 (+81),

Ақмола облысында - 12 263 (+95),

Алматы облысында - 9 830 (+48),

Шымкент қаласында - 5 955 (+17),

Жамбыл облысында - 5 691 (+10),

Маңғыстау облысында - 4 128 (+1),

Түркістан облысында - 4 182 (+6),

Ақтөбе облысында - 4 035 (+14),

Қызылорда облысында - 3 666 (+19).

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 198 086 адамға жеткен.

14:59 9.2.2021

Қырғызстанда Кавасаки синдромы белгілері байқалған 28 бала ауруханаға түсті

Қырғызстанда Кавасаки синдромы белгілері байқалған 28 бала ауруханаға түсті. Бұл туралы 9 ақпанда Азаттықтың Қырғыз қызметіне Ана және баланы қорғау ұлттық орталығының директоры Камчыбек Узакбаев хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, олардың 15-інің диагнозы расталған.

"Өкінішке қарай, бұл балалар жазда коронавирустың жеңіл симптомсыз түріне шалдығып, суық түскенде постковидтік синдромға шалдыққан. Олардың арасында Кавасаки синдромына да шалдыққандар да бар. Бақытымызға орай, барлығы жазылып жатыр" деді ол.

9 ақпан күнгі мәлімет бойынша, Қырғызстанда 150-ден астам бала ауруханада коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 20-ының жағдайы ауыр.

Мамандар Кавасаки синдромын "мультижүйелік қабыну синдромы" деп те атайды. Олар оны "жүрек, өкпе, бүйрек, ми, тері, көз, ас-қорыту жүйесі сияқты ағзаның әртүрлі бөлігінің қабынуы" деп түсіндіреді. Мультижүйелік қабыну синдромы бар балалардың дене қызуы көтеріліп, ауырсыну сезімі, құсу, іші өту, мойны ауыру, денесі бөрту, көзі қанталау, шаршау сияқты әртүрлі белгілер пайда болуы мүмкін.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясымен ауырған 43 балада Кавасаки синдромы тіркелген. Екі бала осы синдромнан көз жұмған.

09:34 9.2.2021

Қазақстанда тағы 923 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 12 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда тағы 918 адамның коронавирус тесті оң шықты. 5 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 9 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 12 адам өлімі тіркелген: оларда ПТР тесті оң шыққан анықтама болған.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 197 033 адамға жетті. 178 044-і жазылған. Өткен тәулікте 1300 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 613 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 318 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 584 адам қайтыс болған. 37 730 адам жазылған. Министрлік ақпан айынан бастап аймақтағы коронавирус пневмониясы туралы статистика жариялай бастады. Күн сайынғы мәліметте екі күн бұрынғы көрсеткіш жарияланады. Министрліктің хабарлауынша, 6 ақпанда коронавирус пневмониясы Жамбыл облысында (6) және Түркістан облысында (5) көбірек тіркелген.

Қазір коронавирустан 26 380 адам емделіп жатыр. 10 004-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 560 науқас стационарда емделіп жатыр. 261 адамның жағдайы ауыр, 50 науқастың жағдайы өте ауыр. 41 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 106 млн 444 мыңнан асты. 59 млн 347 мың адам жазылған. 2 млн 324 мың науқас қайтыс болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG