Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:07 14.2.2021

Қазақстанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

Супермаркетке кірер кездегі дене қызуын өлшеу процедурасы. Алматы, 11 қаңтар 2021 жыл.
Супермаркетке кірер кездегі дене қызуын өлшеу процедурасы. Алматы, 11 қаңтар 2021 жыл.

14 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустан тағы жеті адамның қайтыс болғанын хабарлады. Оның төртеуі Covid инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқас болса, үшеуі – ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония науқасы.

Ресми дерек бойынша, ПТР тестімен расталған Covid науқастары арасында барлығы 2642 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны дәлелденген, бірақ "өзге аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.

Есебі 1 тамыздан бастап жүргізіле бастаған коронавирус пневмониясы ауруынан барлығы 598 адам қайтыс болған. Бұл – вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған науқастар. Қазақстан билігі 1 тамызға дейін ПТР тесті теріс нәтиже көрсетті деп коронавирусқа ұқсайтын пневмония жағдайларын коронавирус статистикасына қоспады. Бірақ маусым, шілде айларында коронавирусқа ұқсайтын осындай пневмонияға шалдыққандар күрт көбейіп кеткен.

Коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны 837 адамға артып, 201 801-ге жетсе, коронавирус пневмониясы науқастарының саны 77 адамға артып, 48 675-ке жетті.

10:59 13.2.2021

Қазақстандағы коронавирус ахуалы қандай?

Қазақстанда кеше, 12 ақпанда 920 адамның анализінен коронавирус анықталды. Тағы 76 адам Covid індетіне ұқсас белгілері бар пневмонияға шалдықты.

Қазір елде 248 мыңнан аса адамнан Covid дерті анықталған. Бұл статистикаға анализінен коронавирус анықталған және тесті теріс, бірақ Covid індетіне ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген. Барлығы 220 мыңнан аса науқас дерттен айықса, 3100-ден аса адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді.

Қазір елде коронавирустан 24 200 адам емделіп жатыр. 5 230 науқас стационарда. 244 адамның жағдайы ауыр, 46 науқастың жағдайы өте ауыр. 41 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Коронавирустың тарауы бойынша Павлодар мен Ақмола облыстары "қызыл аймақта" қалды. Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы – "сары аймақта". Қалғаны – "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 108 миллионнан асты. 60 млн 587 мың адам жазылған. 2 млн 382 мың науқас қайтыс болған.

20:10 12.2.2021

Былтыр Қазақстанда 162 мың адам қайтыс болған. Бұл - рекорд

2020 жылы Қазақстанда 162 мың адам қайтыс болды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 30 мыңға көп. Қазақстанда мұндай өлім статистикасы соңғы 20 жылда болмаған.

08:55 12.2.2021

Қазақстанда тағы 1 033 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 5 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда тағы 951 адамның коронавирус тесті оң шықты. 82 адамға коронавирус диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 12 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 5 адам өлімі тіркелген: 4 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 200 044 адамға жеткен. 181 974-і жазылған. Өткен тәулікте 1 167 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 630 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 522 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 592 адам қайтыс болған. 38 523 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 24 847 адам емделіп жатыр. (9 407-ісінің ПТР тесті теріс шыққан, 15 440 адамның ПТР тесті оң шыққан). 5 372 науқас стационарда емделіп жатыр. 255 адамның жағдайы ауыр, 53 науқастың жағдайы өте ауыр. 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

11 ақпан күнгі мәлімет бойынша, коронавирустың тарауы бойынша Павлодар мен Ақмола облыстары "қызыл аймақта" қалған. Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы – "сары аймақта". Қалғаны – "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 107 млн 749 мыңнан асты. 60 млн 257 мың адам жазылған. 2 млн 366 мың науқас қайтыс болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG