Қазақстанда кейінгі аптада коронавируспен 5,5 мың науқас, 67 өлім тіркелді
Жексенбі, 7 наурыз күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен тағы 854 науқас, тоғыз өлім тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде коронавирус пневмониясымен (КВИ-) тіркелгені – 52. Қайтыс болғандардың үшеуі осы санаттағы науқастар қатарынан анықталған.
Осылайша, Қазақстанда 28 ақпан мен 6 наурыз аралығындағы бір аптада барлығы 5564 науқас, 67 өлім тіркеліп отыр. Оның ішіндегі 5292 науқас, 49 өлім КВИ+ санатынан (ПТР тесті оң шыққан), 272 науқас, 18 өлім КВИ- санатынан (ПТР тестімен расталмаған) анықталған.
Осымен вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 218 101-ге жетіп отыр. Оның ішінде 201 750 адам жазылып шыққан, 2805 адам қайтыс болған. Қазақстан үкіметі Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамды қоспай отыр.
Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясымен тіркелгендер саны (статистикасы 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіледі) 49 556-ға, қайтыс болғандар саны 640-қа жетті. Ауруға шалдыққандардың 43 608-і жазылып шыққан.
Қазір барлығы 18 854 адам (13 546 КВИ+ и 5 308 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. 223 науқастың жағдайы ауыр, 54 науқастың жағдайы өте ауыр, 41 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.
226 адамның жағдайы ауыр, 52 науқас аппаратқа қосылған. Қазақстандағы коронавирус ахуалы қандай?
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 6 наурыздағы мәліметі бойынша, өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырған 832 адам тіркелді, 8 кісі көз жұмды. Соңғы күндері вирус жұқтырып, тіркеуге алынғандар саны бірқалыпты болып тұр.
5 наурызда 742 адам дертінен айығып шықты.
Қазір 18 789 адам короновирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделіп жатыр, соның ішінде 4 455 пациент – стационарда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 226 адамның жағдайы ауыр;
- 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 52 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Аймақтар бойынша өткен тәулікте тіркелген науқас саны:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 136 адам;
- Алматы қаласы – 135;
- Павлодар облысы – 75;
- Батыс Қазақстан облысы – 69;
- Ақмола облысы – 59;
- Қостанай облысы – 57;
- Алматы облысы – 51;
- Шығыс Қазақстан облысы – 50;
- Атырау облысы – 44;
- Қарағанды облысы – 40;
- Ақтөбе облысы – 35;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 28;
- Жамбыл облысы – 19;
- Шымкент қаласы – 13;
- Түркістан облысы – 9;
- Маңғыстау облысы – 7;
- Қызылорда облысы – 5.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда былтырғы наурыздан бері коронавирус жұқтырған 217 299 адам, соған ұқсас «пневмонияға» шалдыққан 49 504 адам (былтырғы 1 тамыздан бергі санақ) тіркелген, барлығы 3 436 адам қайтыс болған.
Worldometer санағына сенсек, коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 57-орында тұр. Індет кең жайылған елдер қатарында АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания бар. Бұл елдерде соңғы апталарда індеттің біршама бәсеңдегені байқалады.
Қазақстанда 15 мыңдай адамға коронавирус вакцинасының екі дозасы салынды
Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 6 наурыздағы мәліметі бойынша, Қазақстанда 28 388 адамға Covid-ке қарсы вакцинаның бірінші компоненті, 14 933 адамға екінші компоненті егілді. Вакцина салынғандардың арасында 1 345 мұғалім, 174 полиция қызметкері бар.
Қазақстанда 1 ақпаннан халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егу басталған.
19 қаңтардағы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, реанимация бөлімі, аурухананың қабылдау бөлмесінде істейтін қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына вакцина салынады. Бұл шамамен 100 мың адам. Вакцинация 2021 жылдың 1 ақпанынан басталады" деген.
Үкімет жоспарына сәйкес, жарты жыл ішінде 2 млн адамға вакцина салынады, қалған жартысында 3-4 млн адам егіледі. Алғашқы кезеңде тұрғындарға ресейлік вакцина салынады.
Денсаулық сақтау министрлігінің жоспары бойынша, наурызда екпе егудің екінші кезеңі басталып, онда мектеп мұғалімдері мен университет оқытушыларына, медицина қызметі өкілдеріне – жалпы 150 мың тұрғынға вакцина салынуы тиіс.
Сәуір айынан бастап мектеп-интернат мұғалімдеріне, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне, студенттерге және созылмалы дерті бар адамдарға екпе салынады. Бұл кезеңде 600 мың адамды қамту жоспарланған.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда былтырғы наурыздан бері коронавирус жұқтырған 217 299 адам, соған ұқсас "пневмонияға" шалдыққан 49 504 адам (былтырғы 1 тамыздан бергі санақ) тіркелген, барлығы 3 436 адам қайтыс болған.
Молдова COVAX бағдарламасымен коронавирусқа қарсы вакцина алған Еуропадағы алғашқы ел атанды
Президент Майя Санду Молдованың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусқа қарсы вакцинаны әділетті үлестіруді көздейтін СOVAX халықаралық бағдарламасы арқылы вакцина алғанын мәлімдеді. Молдова - СOVAX бағдарламасымен вакцина жеткізілген Еуропадағы алғашқы ел. Кишиневке вакцинаның 14 мың дозасы бар алғашқы партиясы 4 наурызда жеткен.
Батысшыл президент Германия мен Еуропаның өзге мүшелері және АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Еуропа комиссиясына "ынтымақтастық" танытып, көмек көрсеткеніне алғыс білдірді.
4 наурыз күнгі мәлімдемесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері Молдова халқының жартысы яғни, 1,7 млн тұрғынды вакцинамен қамтамасыз ететіндей COVAX арқылы вакцина дозасы бөлінгенін айтты.
Әлем елдері вакцина үшін әбігерлік танытып жатқан шақта Молдова бірқатар қиындықтарға тап болып, гуманитарлық көмектерді жылы қабылдаған.
Өткен аптада Румыния Молдоваға AstraZeneca компаниясының 21 600 дозасын сатып әперіп, гуманитарлық көмек көрсеткен. Еуропадағы ең кедей ел санатын Молдова соның нәтижесінде вакцинация компаниясын бастаған. Румыния президенті Клаус Йоханнис желтоқсан айында Еуроодақ бөлген квотаға 200 мың вакцина сатып әперуге уәде берген.
Соңғы мәлімет бойынша, Молдовада 191 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған, 4 мың адам қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР