Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:55 18.3.2020

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 13 адамға жетті

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

18 наурызда Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бір әйелден Covid-19 табылған туралы хабарлады. Бұған дейін оның Лондоннан оралған күйеуінің де вирус жұқтырғаны анықталған деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі - Озодлик радиосы.

Сонымен бірге Ташкентке Стамбулдан ұшақпен келген тағы бір өзбек азаматының вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматтардың барлығы осыған дейін дәрігерлердің бақылауында болған деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Өзбекстанда Covid-19 алғаш рет Франциядан оралған өзбекстандық әйелден табылған 15 наурыздан бері вирус жұқтырғаны анықталғандар 13 адамға жетті.

Қазақстанда - 35, Қырғызстанда 3 адамнан коронавирус табылған.

13:10 18.3.2020

Қырғызстан 19 наурыздан бастап ел аумағына шетелдіктерді кіргізбейді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап ел аумағына шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кіруіне тыйым салды. Бұл туралы үкімет қаулысы шыққанын Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Абдурахманов айтты деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Шенеунік мұндай шара Қырғызстан азаматтарының денсаулығын қорғау және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында енгізіліп отырғанын айтқан. Бірақ Қырғызстанға келетін үлкен жүк көліктері жүргізушілеріне, халықаралық бағытта қатынайтын пойыз қызметкерлері мен ұшақ экипажы мүшелеріне бұл тыйымның күші жүрмейді.

"Шетел азаматтарының елге келуіне тыйым салу - тиісті шешім қабылданша күшінде болатын уақытша шара" деген Абдурахманов.

Қырғыз үкіметі бұл қаулыны Сауд Арабиясынан кіжі қажылықтан оралған Созақ ауданында тұратын үш қырғызстандыққа коронавирус жұққаны анықталғаннан кейін қабылдады. 18 наурызға дейін Қырғызстанда коронавирус жоқ деп айтылып келген еді.

15:39 18.3.2020

Қарағанды облысындағы жағдай қалай?

18 наурыздағы дерек бойынша, Қарағанды облысында 113 адам карантинде (түске дейін 47 адам болған) жатыр. Ал 39 адам үй карантинінде, ал 284 адам дәрігерлер бақылауына алынған. 273 адам қашықтықтан мониторингте. Аймақта коронавирус жұқтырғандар жоқ. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі хабарлады.

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, Қарағанды облысына кіреберіске санитарлық постар орнатылып, аймаққа келгендерден коронавирус белгілерін тексермек.

Әкімдік Covid-19 дертін емдеу үшін облыстағы ауруханаларда 300 төсек, жансақтау бөлімдерінде 48 орын дайындап қойған. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Сәтпаев қалаларында карантин үшін 1325 орын дайындалған.

Қарағанды облысы әкімдігі аймақта ұн өндіруге бидай қоры жеткілікті екенін, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы мен жеміс-жидектер қосымша сатып алатынын мәлімдеді.

Каникулдағы оқушыларға қазір қосымша үй тапсырмасы дайындалып жатыр. Ал интернеті жоқ ауылдарға кеткен студенттерге “Қазпошта” ұлттық сервисі арқылы оқу материалдары жіберілмек.

Қарағандыдан Ресей қалаларына ұшатын ұшақтар тоқтаған. Қарағандыдан Алматы, Қызылорда, Өскемен, Жезқазғанға пойыздар жүріп жатыр

16:14 18.3.2020

22 наурыздан бастап Алматыға елдің басқа аймақтарынан ұшақ пен пойыз келмейді

Коронавирус қаупінен соң жұмысшылар Алматыдағы автобустарды дезинфекциялап жатыр. 18 наурыз 2020 жыл.
Коронавирус қаупінен соң жұмысшылар Алматыдағы автобустарды дезинфекциялап жатыр. 18 наурыз 2020 жыл.

22 наурыз түн ортасынан бастап Алматыға Қазақстанның басқа аймағынан келетін әуе ұшақтары мен пойыздар тоқтайды. Бұл туралы 18 наурызда қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

Алматылықтарға қалаға оралуға, Алматыда жүрген басқа қала тұрғындарына үйлеріне оралуға 72 сағат беріледі. 22 наурыздан бастап авиа және теміржол қатынасы тоқтайды” деді ол.

Әкім орынбасары автокөліктер мен автобустар жайлы нақты айтпады.

Қожағапановтың сөзінше, халықаралық рейстер әзірге тоқтамайды. Шетелде жүрген қазақстандықтар елге кіріп, ал Қазақстанда жүрген шетелдіктер елден шығып кетуіне уақыт беріледі. Әкімдік 22 наурыздан кейін халықаралық рейстерге де шектеу болуы мүмкін екенін айтады.

Бұл шектеу қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан коронавирусқа байланысты карантинге жабылады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG