Алматыда Әлібек Қаратай мен Алан Мұхитдиновтың "Екі әлем – қос тағдыр" атты көрмесі ашылды. Аутизмге шалдыққан 19 жастағы суретшілердің шығармаларында әлемді басқалардан өзгеше көзқараспен бейнелеген. Darai және Pionerconcep қоғамдық қорларының әлеуметтік жобасы бойынша ұйымдастырылған көрмеге жүзден аса сурет қойылған. Көрме жұмысы қаңтардың соңына дейін жалғасады.