Қазақстанның Орталық музейінде «Объективте - Әділ сөз» атты фотокөрме өтті. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы өткізген көрмеге деректі және саяси фотография байқауына қатысқан 90-ға жуық сурет қойылды. Көрмені өткізуге пікір еркіндігін қолдайтын халықаралық IFEX ұйымы, Қазақстан журналистер одағы, ЮНЕСКО-ның Алматы бюросы қолдау көрсеткен.