Accessibility links

Тбилиси оқиғасына - 25 жыл

1989 жылы көктемде Грузия астанасында халық көшеге шықты. Тбилисидің орталығына жиналған мыңдаған адам қатысқан шеру елдің тәуелсіздігін жариялауды талап етіп, бірнеше адам аштық акциясын бастайтындарын мәлімдеді. 9 сәуір күні СССР ішкі істер әскері бейбіт шеруді саперлік күрекпен ұрып, газ шашып күшпен таратты. Кемінде 20 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Тбилисидегі жазалау оқиғасы Совет одағының күйреуіне алып келген тарихи оқиғалардың бірі болды.

XS
SM
MD
LG