Accessibility links

КарЛАГ-тың қазіргі тіршілігі

1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.

Қарағанды облысының Долинка кентінің кейбір тұрғындары өздерінің тарихи мекенде тұрып жатқанына мақтанады. Өйткені, кейінгі жылдары бұл орынға қазақстандық және шетелдік туристердің қызығушығы артқан. Мұндағы ғимараттардың көбі сол күйі сақталған, өзгергендері бірен-саран ғана. Долинканы тұрғындар «тылсым кент» атайды. Олар мұндағы қазіргі тұрмыс жұмыс орындарын ашып, кентті бұрынғы КарЛАГ нысандарына зиян тигізбей қайта жөндесе жақсара түсетін еді деп санайды.

XS
SM
MD
LG