Ресей солдаттары Украинадағы дүкендерді тонап жатыр
Украинаның бірнеше қаласында Ресей солдаттары банктер мен дүкендерді тонап жатқаны байқалды. Қауіпсіздік камералары түсіріп, әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан Ресей солдаттарының дүкеннен азық-түлік ұрлап, сейфті әкеткелі жатқаны көрінеді. Украина ресми өкілдерінің айтуынша, Ресей солдаттарының азығы, көліктерінің жанармайы таусылған. Олардың көбі Украинаға үш күнге жететін тамақпен ғана барған. Бірақ бұл ақпараттың рас-өтірігіне толық көз жеткізу мүмкін емес.
ПІКІРЛЕР