Иран мен әлемдік алты держава өкілдері 18 ақпанда Венада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келіссөздердің алғашқы күнін өткізді.
Тараптар екі жақты келіссөздер, оның ішінде Иран мен АҚШ өкілдері жекелей кездесулер өткізді. Венадағы келіссөздерде Иранмен ұзақ мерзімдік келісім жасау мақсаты қойылған.
Келіссөздерге қатысып отырған Иран делегациясының жетекшісі, Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф Тегеран әлемдік алты державамен ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді шілде айына дейін аяқтаудан үмітті екенін мәлімдеді.
Жавад Зариф халықаралық санкциялар Иран экономикасына соққы болып тигенін, бірақ ол елдің ядролық бағдарламасына әсер ете алмағанын айтты. Ол Иран ядролық нысандарын жабу немесе уран байыту бағдарламасынан бас тарту жайын талқылауға ниетті емес екенін де ескертті.
Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия 2013 жылдың қараша айында Женевада алты айға уақытша келісім жасасқан. Ол келісім бойынша Иран уран байытуды шектеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық экономикалық санкциялар жұмсаратын болған.
Иран бұған дейін халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ядролық ынтымақтастық бойынша алғашқы, практикалық жеті шараны жүзеге асыруға келіскен еді. Бұл туралы Иран мен МАГАТЭ-нің 9 ақпанда бірлесе жасаған мәлімдемесінде айтылған.
Келісім бойынша, Иран МАГАТЭ өкілдеріне Йезд провинциясындағы Саганд уран кенішіне, Ардакан уран байыту зауытына және Лашкарабадтағы лазерлік орталығына баруына рұқсат бермек.
Иран ядролық бағдарламасы бойынша уақытша келісім қаңтардан бастап күшіне енген.