Иранда 300-ден аса адамның өмірін қиып, мыңдаған тұрғынды баспанасыз қалдырған жер сілкінісі бола салысымен Facebook әлеуметтік желісі оқиға болған жерден құнды жаңалықтарды жеткізуде, тірі қалғандарды көшіріп–қондыру шарасында аса маңызды құрал болды.
«МЫЛТЫҚСЫЗ МАЙДАННЫҢ ҚАРУЫ»
2009 жылы Ирандағы президент сайлауынан соң басталған жаппай толқудың қызған шағында да Facebook шерушілерге ақпарат пен жаңалық жеткізетін таптырмайтын құрал қызметін атқарған. Facebook-тің осы қызметі сол кезде билікке соққы боп тигені сонша, үкімет оны «Мылтықсыз майданда Ислам республикасына қарсы қолданылып жатқан қару» деп атады. Соның кесірінен интернет қолданушы ирандықтар бұл күндері әлуметтік желіге қосылу үшін көлденең кедергілерді айналып өтуге мәжбүр. Қысымға көнбегендер қосымша серверлерді пайдалану арқылы елдегі режимнің Facebook-ті жауып тастамақ әрекетінен айласын асырғысы келеді.
Осы аптада Иранның солтүстігін есеңгіретіп кеткен жер сілкінісінен қиналып жатқан халық үшін Facebook-тегі қимыл-әрекеті талай жанның өмірін сақтап қалуға себеп болды.
Тамыздың 11-і күні Шығыс Әзірбайжан өлкесінде 300 адамның өмірін қиып, мыңдаған жұртты баспанасыз қалдырған жер сілкінісі бола салысымен Facebook қолданушылар адамдарды құтқаруға кіріскен.
Негізінен Иранда жүрген журналистер апатқа қатысы бар сенімді ақпараттар мен жаңалықтарды жинап, тарату үшін Facebook тобын құрған еді.
ЖЕЛІДЕГІ ЖАНТАЛАС
Сасан Агеи сияқты тәуелсіз журналистер оқиға орнынан ақпарат жинау үшін сол жаққа аттанып кеткен.
– Мен Варзагандағы жермен-жексен болған екі ауылдан келе жатырмын. Тегераннан апарған барымызды ел-жұртқа таратып бердік. Бірақ ол теңізге тамған тамшыдай болды. Біз бүгін денелерді тасып, жаралағандар мен үйсіз қалғандарды шатырларға жайғастырып, Қызыл крест қызметкерлерінің жұмысын бақыладық. Қазір ең басты проблема – зардап шеккендерге ауыз су мен азық түлік жеткізу, – деп жазды ол оқиғадан бір күн өте.
Facebook-те 140 мың мүшесі бар «Әйел мен ерлер тең» тобы мүшелері апаттан соң Иранның барлық қалаларындағы қан құю бекеттеріне барып, қан тапсыруға үгіттеген. Олардың үндеуіне көп адам қосылған. Ел-жұрт апаттан кейінгі екінші түнде қан құятын ыдыстарды толтыру үшін ұзын-сонар кезекке тұрған.
– Мен бүгін Тегерандағы қан құятын орталықта жұмыс жасадым. Адамдардың ықыласпен қан тапсырып жатқанын өмірімде бірінші рет көрдім десем де болады. Бұған дейін халыққа қан тапсырту үшін оларды үгіттеп, әр түрлі әрекеттерге барып жататын, – деп жазады Facebook қолданушыларының бірі.
Сол күні Карадж қаласынан Махса есімді қыз бала «Әйел мен ерлер тең» тобының парағына былай деп пікір жазған:
– Біраз уақыт іздеген соң апатқа ұшырағандарға қан қабылдайтын орталықты тауып алдық. Ең қызығы – біздің жиған қанымыз бір вагонды толтырып тастады. Қан пакеттерін жинайтын жәшік іздеп жүріп басқа бір көлікке соғылып қалдық. Ол көліктің ашуға булыққан жүргізушісі біздің артқан жүгімізді көрген соң көлігіне мініп кетіп қалды. Белгілі бір дәрежеде адамдардың аман қалуына оның да септігі тиді. Біз жиналған қанды бүгін түнде қалай да жеткіземіз деп үміттенеміз.
Facebook-тегі басқа қолданушылар елдің ішінде де, шетелде де отырып аман қалғандарға жәрдем көрсетуге тырысып жатыр.
Кейбіреулер мыңдаған адамның өмірін қиған Бам, Занджанб Рудбар қаласындағы жер сілкінісі кезінде сол жақтарға жәрдемге барғанда жинаған тәжірибелерін ортаға салып жатыр. Бұл қолданушылар апат аймақтарына өз еркімен барғысы келетіндерге мұндай жағдайда не істеу керек екені жайлы кеңес береді.
Енді біреулері ақша жинап жүр. Олардың арасында елден жырақта жүрген ирандықтар да көп. Алайда олардың бәрі бір кедергіге ұшырайды. Ол кедергі – санкция.
САНКЦИЯ
АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Виктория Нуландтың 13 тамыз күні «апатқа ұшырағандарға өз еркімен жәрдем бергісі келетін америкалықтар үшін коммерциялық емес қаржы аудару операциясын жүргізуге болатынын» айтқанына қарамастан, кедергінің бар екені анық болды.
Италиядағы адам құқықтары үшін күресуші Амир Рашиди өзінің жинаған қаржысын Иранға жіберу үшін қалай қиналғанын Азаттық радиосына айтты.
– Санкциялардың кесірінен біз жиналған ақшаны Иранға жеткізу үшін сол жаққа кетіп бара жатқан біреулерді табуымыз керек. Себебі банк арқылы ақша аудару мүмкін емес. Баратын адамды тапқан күннің өзінде ол кісі алған ақшаны Иран ақшасына аударып, керек жеріне апарып беруге ықыласты адам болуы керек. Бірақ мұның екеуі де оңай шаруа емес, – дейді Амир Рашиди.
Осындай проблема болғанына қарамастан, адамдар Facebook арқылы байланысқа шығып, Франция, Германия, АҚШ және тағы басқа елдердегі ирандықтарға «жәрдем ақшаны тоқтатпай жинай беріңдер» деп өтініш айтып жатыр.
Еріктілер Ирандағы зардап шеккен елді мекендерге қажетті құрал–жабдық тиелген көліктерді, жиналған жәрдем ақшаны жөнелтіп жатыр.
– Ешқандай проблема жоқ кезде, ешқандай оқиға болмаған кезде «мына әлеуметтік желілер ойын-сауық үшін жиналатын адамдарға арналған нәрсе екен» деп айтар едік. Бірақ жер сілкінісі сияқты мынандай оқиға кезінде әлеуметтік желінің маңызы артып шыға келеді, – дейді Амир Рашиди.