Accessibility links

Ғарыштан түсірілген суреттер Кабул әуежайындағы бейберекетті көрсетеді

Кабул әуежайындағы эвакуация үдей түсті. АҚШ пен оның одақтастары өз азаматтары мен елшіліктеріне қызмет еткен ауғандарды жаппай әкетіп жатыр. Тәліптерден үрейленіп, елден кетуге бел буған ауған азаматтары әуежайға ағылып, дүрлігу байқалды.

Осыған дейін Батыс әскерлерінің Ауғанстаннан 31 тамызға дейін толық кететіні айтылған. "Талибан" эвакуация операциясына бұдан артық уақыт бермейтінін мәлімдеп отыр. АҚШ президенті Джо Байденді осы мерзімді ұзарту амалын табуға шақырғандар да аз емес.

XS
SM
MD
LG