Accessibility links

Ташкент маңындағы көкпар

Ташкент облысы Паркент ауданындағы жергілікті қазақтарда ұлттық ат спорты ойыны – көкпар тарту дәстүрі сақталған. Орталық Азия халықтарының көбінде кең тараған бұл ойын түрін Паркент аймағының халқы «ұлақ» (лақ тарту) деп атайды. Ташкент маңындағы Сәмсерек ауылында жақында өткен көкпарға көрші ауылдардан келген қазақтар мен өзбектер де қатысты.

XS
SM
MD
LG