Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара тамыздың 7-сінде ақынның туған жерінде жалғасты. Бүгін Абай ауданындағы Жидебай және Қарауыл ауылдарындағы көпшілік-мәдени шараларға аудан, облыс шенеуніктері, ауыл тұрғындары мен той қонақтары қатысты. Осының қарсаңында Семейде арнайы ғылыми-конференция мен "Адамзаттың Абайы" атты салтанатты жиын өткен. Шығыс Қазақстан облысы, 7 тамыз, 2015 жыл.