14 қыркүйекте Алматыда Азаттық радиосының 70 жылдығына орай "Уақыт кедергісінен тыс цензурасыз жаңалықтар" тақырыбымен тұңғыш орталықазиялық медиафорум өтті. Жиынға жергілікті және халықаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз журналистер, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы қатысты.
Азаттық медиафорумында аймақта қалыптасқан саяси жағдайға орай тәуелсіз баспасөздің жұмыс істеу ерекшеліктері талқыланды. Азаттық радиосының орталықазиялық редакцияларының және жергілікті ақпарат ресурстарының іс-тәжірибесі ұсынылып, жаңа медианың қазіргі қадамдары мен болашақ жоспары айтылды.
1953 жылы алғашқы құрылған күндерінен бастап Азаттық радиосы Орталық Азия елдерінің тілдерінде хабар таратып келеді. Сол кезде радионың "Түркістан редакциясы" аталған бөлімі күнделікті ортақ бағдарлама аясында өзбек, қарақалпақ, қазақ, қырғыз, түркімен, тәжік және ұйғыр тілдерінде эфирге шықты. Кейін қарақалпақ және ұйғыр тілдерінде хабар тарату тоқтатылып, аймақтағы бес елдің тілінде хабарлар дайындалды. Орталық Азия елдері Совет одағы құлап, "қырғи-қабақ соғыс" аяқталған соң да толықтай демократияландыру жолына түсе алмай келеді. Аймақтағы қазіргі саяси ахуал және демократияға қадам біреуден алда, біреуден артта формуласымен салыстырмалы түрде ғана бағаланады. Бұл елдерде әлі күнге дейін сөз еркіндігі шектеліп, адам құқығы аяқасты болатыны жиі айтылады. Оны баянды ету – Азаттық радиосының негізгі миссиясы. Азаттық медиақұрылтайында осы мәселелер ашық талқыланды. Жиынның аяғында мұндай платформадағы талқылаудың тиімділігі туралы айтылды.
Құрылтай басталар алдындағы сәттер. Азаттық радиосының 70 жылдығына орай өткізілген тұңғыш орталықазиялық медиа-форумға АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін ханым да (оң жақта) қатысты. Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Төреқұл Дооров дипломатқа қошеметін білдірді.
Азаттық медиақұрылтайын осы радионың Орталық Азия аймақтық директоры Хамид Исмаилов кіріспе сөзбен ашты. Ол Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғанына 30 жылдан асса да, осы өңірдің халықтары тәуелсіз ақпарат алудан мақрұм қалып отырғанын баса айтты. Форумда талқыланатын жайлардан хабардар еткен ол жиналғандары Азаттық радиосының 70 жылдығымен құттықтады. Сталиндік репрессияның құрбаны болған ақын Мағжан Жұмабаевтың "Тіршіліктің көркі – ерік" деген сөзін еске алған Хамид Исмаилов форумды ашық деп жариялады. Содан кейін Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті қызметін атқарушы Джеффри Гедминнің жиын қонақтарына арналған видео-жолдауы қойылды.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті қызметін атқарушы Джеффри Гедмин совет коммунизмі құлағаннын бергі аралықта әлемдегі демократия, либерализм және сөз бостандығына дәл бүгінгідей қауіп-қатер төнбегенін еске салды. Украина трагедиясы туралы айтқан Джеффри Гедмин Азаттықтың Ресей агрессиясынан зардап шеккендерге тілектес екенін атап көрсетті. Ол Орталық Азия елдерінің теориялық-философиялық тұрғыда ғана емес, іс жүзінде де осы екі ортада тұрғанына меңзеп, медиафорум жұмысына табыс тіледі.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының Таяу Шығыс аймақтық директоры Андрес Илвес осы ақпарат құралындағы тәжірибесін бөлісті. Эстониядан шыққан советтік мигранттардың ұрпағы радиода 1984 жылдан бері жұмыс істейді. Ол қысқа толқынды радионы тыңдау совет аумағындағы адамдар үшін қанша қиын болса да, Азаттық сол кезде еркін сөздің саңылауы болғанын айтты. Оның сөзінше, адамдар қиындықтарға қарамастан Азаттық радиосын тыңдап, ашық ақпарат алуға тырысқан. Андрес Илвес басқа да ақпарат құралдарында қызмет істеген.
АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін Азаттық радиосының Семей ядролық сынақ полигонында Совет одағы атом бомбасын жарып, Сталин қайтыс болғаннан кейін құрылғанын еске алды. Айтуынша, Совет билігі қанша кедергі жасағанына қарамастан Азат Еуропа/Азаттық радиосы Орталық Азия халқына хабар таратуын тоқтатпаған. Ресей пропагандасы үдеген тұста да АҚШ Орталық Азяи елдерінің тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығын қолдап келеді. Америка мен аймақ елдері арасында энергетика, қауіпсіздік саласындағы серіктестік пен экономикалық салада ынтымақтастық орнаған. Білім, денсаулық сақтау саласында да байланыс дамып жатыр. Бүгінде аймақта түрлі кедергіге ұшырап отырған тәуелсіз ақпарат құралының азаматтық қоғам үшін маңызын атап өткен дипломат медиафорумға қатысушыларды Азаттық радиосының 70 жылдығымен құттықтады.
Жиынға қатысушылар – Ulysmedia.kz жобасының бас редакторы Самал Ибраева (сол жақта) және Азаттық радиосының бұрынғы редакторы Ардақ Бөкеева.
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің журналисі Мәдина Айымбетова (сол жақта) және Respublika.kz.media жобасының журналисі Владимир Родионов.
Respublika.kz.media жобасының журналисі Владимир Родионов медиафорум қонақтарын смартфонға суретке түсіріп тұр.
The Economist басылымының журналисі, "Қара көлеңке: Қазақстанның құпия әлемінің ішінде" (Dark Shadows: Inside the Secret World of Kazakhstan) кітабының авторы Джоанна Лиллис (сол жақта) және Financial Times газетінің еншілес басылымы Nikkei Asia журналисі Паул Бартлетт.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орталық Азия бойынша журналисі Крис Риклтон.
Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының жетекшісі Бесжан Төлеубекұлы (сол жақта) және "Заң"медиа-корпорациясының" директоры Досымбек Өтеғалиев.
Құқық қорғаушы Ринат Рафхат (сол жақта) және тәуелсіз журналистер: Қойшыбек Мүбарак және Дидар Қайыр.
Журналист Шолпан Елеусізова (алдыңғы қатарда оң жақта), Internews Network халықаралық ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің жетекшісі Марат Биғалиев, Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі, жазушы Бейбіт Сарыбай (артқы қатарда сол жақта) және журналист Оңғар Қабден.
Журналистер Жадыра Нармахан (оң жақта) және Жұлдыз Әбділдә.
Журналист Маржан Елшібаева.
Азаттық радиосының бұрынғы қызметкерлері: Қазақ қызметінен – Досан Баймолда (оң жақта) және Тәжік қызметінен – Насибжон Амони.
Баспагер Бақытжан Бұқарбай медиафорум барысын смартфонға түсіріп отыр.
"Уақыт кедергісінен тыс цензурасыз жаңалықтар" тақырыбымен өткен орталықазиялық медиафорумға қатысушылар.
Құрылтайға қатысушылар: саясаттанушы Эмилбек Жураев (сол жақта, Қырғызстан) және Turkmen.news сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы Руслан Мятиев (Түркіменстан).
Қазақстандық азаматтық белсенді, журналист Рысбек Сәрсенбай медиафорумға ақ жол тілеп, Азаттық қызметкерлеріне ықыласын білдірді. "Ақиқат қайда болса, Азаттық сонда" деді ол.
Құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова.
Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің директоры Венера Жұматаева (оң жақта), Қазақ қызметінің директоры Төреқұл Дооров және Азаттықтың Орталық Азия аймақтық директоры Хамид Исмаилов.
Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің директоры Венера Жұматаева 70 жыл бұрын "Түркістан редакциясы" атымен құрылған Азаттықтың Орталық Азияға хабар тарату бөлімінің тарихы жайында баяндады. Ол бірнеше мәрте Гувер институтының архивінде болып, Азаттық радиосы Түркістан редакциясының тарихын зерттеді.
Медиақұрылтайда Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің директоры Венера Жұматаеваның зерттеуінің нәтижесі – Түркістан редакциясының тарихы туралы деректі фильм көрсетілді. Осы арқылы Азаттықтың Түркістан редакциясын ұйымдастырып, алғаш басшылық еткен және қызмет атқарған Орталық Азия елдерінен шыққан эмигрант журналистердің архивте сақталған бейнекөріністері тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылды.
Азаттық радиосы Өзбек қызметінің директоры Әлішер Сыдықов медиафорумда "Азаттық радиосының Орталық Азиядағы журналистік зерттеулері" тақырыбында баяндама жасады.
Қазақстандық журналист Есдәулет Қызырбекұлы.
Журналист, медиа саласындағы оқытушы, Азаттықтың бұрынғы қызметкері Есенгүл Кәпқызы (ортада).
Журналист, медиаменджер, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев (ортада).
Азаттық радиосының Алматыдағы бюросының бұрынғы жетекшісі Саясат Бейісбай (ортада).
Қырғызстан парламентінің депутаты Дастан Бекешев (оң жақта).
Қырғызстан парламентінің депутаты Дастан Бекешев медиақұрылтайда сөйлеп тұр.
Азаттық радиосы Тәжік қызметінің директоры Салим Аюбзод медиафорумда аудиторияны тартуға арналған инновациялық жобалар жайында әңгімеледі.
"Уақыт кедергісінен тыс цензурасыз жаңалықтар" тақырыбымен өткен орталықазиялық медиафорумдағы аудармашылардың бірі.
Financial Times журналының еншілес басылымы Nikkei Asia журналисі Паул Бартлетт.
Азаттықтың Орталық Азия қызметтерінің әйелдер бағдарламалары негізінде гендер мәселелерін талқылау. "Апалы-сіңлілер" жобасын таныстырып тұрған – Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналистері Әйгерім Асылбекова (сол жақта) мен Әлия Суранова.
Азатық радиосының Орталық Азиядағы орыс тіліндегі контенті бойынша бас редакторы Толкун Умаралиев (ортада).
Азаттық радиосының бұрынғы тілшісі Досан Баймолда (сол жақта) мен азаматтық белсенді, журналист Рысбек Сәрсенбай (ортада) Азаттық медиафорумында.
Азаттық медиафорумына қатысушылар үзіліс кезінде.
Азаттық радиосы Түркімен қызметінің директоры Фаррух Юсупов.
Бұғаттауды жеңу. Сайтыңыз бұғатталса, оқырманға қалай жол табасыз? Бұл туралы Азаттық радиосы Түркімен қызметінің директоры Фаррух Юсупов айтып берді.
Migrant Media журналисі Мейірім Сырдыбаева
Аймақтағы ортақ мәселе – мигранттар туралы қалай хабарлау керек? Сандар мен амалдар. Бұл туралы Migrant Media журналисі Мейірім Сырдыбаева тәжірибесін бөлісті.
Төңкеріс немесе жаппай наразылықты тікелей эфирден қалай көрсетуге болады? Шағын редакциялардың аймақтағы маңызды оқиғаларды шұғыл хабарлау тәсілі және оқиға ортасындағы тәуелсіз журналистің бастан кешкен оқиғалары негізіндегі тәжірибе. Осы жайында Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Төреқұл Дооров әңгімелеп берді.
Панельдік талқылау. Жаңа медиа және технологиялар Орталық Азиядағы тәуелсіз журналистиканың дамуына қалай әсер етеді? Талқы модераторы – Азаттықтың Орталық Азиядағы орыс тіліндегі контенті бойынша бас редакторы Толкун Умаралиев (оң жақта) және спикерлер Руслан Мятиев (Түркіменстан, саясаттанушы), Рустам Ғулов (Тәжікстан. Alifbo Media, FactCheck.tj), Жәмила Маричева (Қазақстан. ProTenge.kz), Азат Рузиев (Қырғызстан. "Башта")
Панельдік талқылау. Пропаганда және журналистика. Украинадағы соғыс тұсында Орталық Азиядағы тәуелсіз журналистиканың жұмысы. Талқы модераторы – Азаттықтың Алматы бюросының жетекшісі Қасым Аманжол және спикерлер: Дархан Өмірбек (Қазақстан. Азаттық радиосы), Анора Содиқова (Өзбекстан. Rost24), Шалқар Нұрсейітов (Қазақстан, саясаттанушы), Эмилбек Жураев (Қырғызстан, саясаттанушы), Ражаб Мирзо (Тәжікстан, саясаттанушы), Думан Смақов (Қазақстан. Factcheck.kz).
"Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, фото-журналист Асылхан Әбдірайымұлы құрылтай көрінісін түсіріп отыр.
Жарыссөзге шыққандар өз ойын бөлісті. Солардың бірі – сарапшы Ғалымжан Оразымбет.
Азаттық радиосы Орталық Азия аймақтық директоры Хамид Исмаиловтың медиафорумның жабылу рәсімінде сөйлеп тұрған кезі. Ол алдағы уақытта Азаттық медиафорумын өткізу дәстүрге айналуы мүмкін екенін айтты.
Сөйтіп Орталық Азияда тұңғыш рет өткізілген біркүндік Азаттық медиафорумы аяқталды. Алматыдағы жиын аяқталғанымен, алда мұндай құрылтай Орталық Азияның өзге елінде жалғасуы ықтимал. Алматыдағы форум туралы жергілікті интернет басылымдар мен әлеуметтік желіде де хабарланып жатты.
ПІКІРЛЕР