1917 жылы билікке жеткен большевиктер наным-сеніміне қарамастан дінбасыларды жаппай қуғындап, ғибадатханаларын тартып алды. 1921 жылы Алматы маңындағы Ақжар скиті - ерлер монастырында иеромонах Серафим, Фиогнест есімді дінбасылар Қызыл әскер қолынан қаза тапты. Орыс православие шіркеуіне қарасты бұл монастырды "Қасиетті Серафим, Фиогнест Ақсай шағын монастыры (пустынь)" деп, кейде "Ақсай скиті" деп те атайды. Ақсай шатқалындағы Қызылжар тауының басындағы монастырь шамамен 2 мың 160 метр биіктікте орналасқан.
Ақжар скитіне тоқсаныншы жылдардан бастап қайтадан монахтар келіп мекендей бастаған. Бертінде арнайы храм да салынғанымен, кейін оны бұзуға тура келген. Қазір Ақжар скитіндегі монахтар таудағы өздері егетін бауқа-бақша өнімдерімен күнелтеді.