Accessibility links

Архат тас-мүсіндері

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы аумағындағы Архат тауы қатпар-қатпар тас шоқылардан тұрады. Шоқы басында жел мен судың әсерінен мүжілген тастар әртүрлі кейіптегі мүсін тәрізді әсер береді.

Архат тауы Семей қаласынан Абай ауданының орталығы Қарауылға қатынайтын күрежолдың шығысында 40 километр жерде орналасқан. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған тас шоқылардың ұзындығы шамамен 16 километрдей болады. Ені - 6 километр шамасында. Тау атауы туралы нақты бір тұжырым жоқ. "Қозы Корпеш - Баян Сұлу" жырындағы кейіпкердің бірі Айбас ердің аты осы жерде арықтап, тау аты содан қалған деседі.

16x9 Image

Қуанышбек ҚАРИ

"Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған. 

XS
SM
MD
LG