Маусымның 24-і күні таңертең Шымкенттен 97 километр жердегі Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, 52 адам зардап шекті. Бір адам қаза тапты. Түркістан облысы әкімі облыста төтенше жағдай жариялады. Ондаған мың Арыс тұрғыны басқа аймақтарға эвакуацияланды. Олардың бір бөлігі Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітінің маңына жеткізілді.
ПІКІРЛЕР