Алматыда қарашаның 12-і күні алғаш рет «Ұлы Дала ханшайымы» қайырымдылық сұлулық байқауының финалы өтті. Оған қимыл-қозғалысы шектеулі қыз-келіншектер қатысты. «Алма-Ата» әйелдер клубы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға көптеген демеушілер мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қолдау танытты.