Қызылорда облысы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада Нұр-Сұлтан және Алматыдан кейін үшінші орында тұр. Мұнда 37 адамнан вирус табылған. 31 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты облыс орталығы Қызылорда қаласында карантин жарияланып, қалада адамдардың ары-бері жүруіне шектеу қойылды. Бірақ "Қазпошта" мен банктер алдындағы ұзын-сонар кезегі әлі тарқаған жоқ. Төтенше жағдай кезінде мемлекет тағайындаған 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алу үшін жұрт банктер мен мекеме бөлімшелеріне жиналған.
ПІКІРЛЕР